Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Биология, Валеология

Соз ауруларын жұқтыру


Соз ауруларын жұқтыру

Қылмыстың объектісі адам денсаулығына, ал кейбір соз ауруларын жұқтырғанда адам өмірі де болуы мүмкін.
Қылмыс объективтік жағынан өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екі немесе одан да көп адамға не көрінеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы арқылы жүзеге асырылады.
Өзінде соз ауруы бар адамның кез келген әрекеттер арқылы (жыныстық қатынас жасау, сүйісу, бір ыдыстан тамақ ішу, гигиеналық тазалықты сақтамау) басқа адамға жұқтыруын осы ауруды жұқтыру деп танылады. Соз ауруы жұқпалы аурулардың тобына жатады. Бұл ауру негізінен жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Соз ауруларына: сифилис (мерез), гонорея, жұмсақ шанкр, лимфогранулематоз, соз гранулемасы тағы басқа жатады.
Соз ауруы бар адаммен жәбірленушінің өзінің келісіп жыныстық қатынас жасауы Қылмыстық кодекстің бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты жоққа шығармайды, мұндай ретте де кінәлі осы бап бойынша жауапқа тартылады.
Егер кінәлі адам әйелді зорлау кезінде өзіндегі соз ауруын жәбірленушіге жұқтырса, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің бабының тармағының «е» тармақшасы бойынша саралануға жатады.
Соз ауруларын жұқтыру субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де (менмендікпен) жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызған сезеді, оның іс-әрекетінің өзі ауратын соз ауруының басқа адамға жұғатынын біледі және оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық кодекстің 115-бабында көрсетілген қылмыс абайсыздықтың немқұрайдылық түрі бойынша жасалмайды.
Қылмыстық ниет әр түрлі нысанда көрініс табады: кек алу, қатыгездікпен өзгеге жұқтыру, ішімдіктің, нашақорлықтың әсерінен, тағы сол сияқтылар. Кінәлі адам өзінің соз ауруымен ауыратынын білуі қажет. Ондай аурумен ауыратын дәрігер арқылы ескертіледі. Ауруға одан емделу туралы, мұндай күйде жыныстық және басқадай қатынас жасаудың қауіптілігі туралы ескертіледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1377

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]