ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ - Биология, Валеология - Рефераты на казахском языке - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Биология, Валеология

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде «Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті — бағалы сорт сапаларының бірі» деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады.
Өздерінің қасиеттері бойынша осы айтылғандарға сай келген сорттар облыстарға немесе аудандарға ұсынылатын стандартты сорттар тізіміне енгізіледі және өндірістік жағдайларда, сонымен бірге үй іргесіндегі учаскелерде, питомниктерде өсіріліп көбейтіледі. Болашағы зор жаңа сорттар өндірістік жағдайда кеңінен сынау үшін көбейтіледі.
Алманың және алмұрттың сорттары — ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады.
Жаздық сорттар еккеннен кейін 3—4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мұндай сорттың толық жеміс беру мезгілі 15—20 жылдан кейін болады. Ал, 30—35 жыл өткен соң мұндай сорттардың жеміс ағаштары құри бастайды.
Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының-көп жыл бойы жүргізген стационарлық зерттеулері мен өндірістік екпелерге жасалған экспедициялық тексеру материалдарының негізінде алма мен алмұрттың сорттарының шаруашылық-биологиялық ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріліп отыр.
Жаздық сорттар: Анис бархатный (Анис алый, Анис сафьяновый), Белый налив (Алебастровое, Налив белый, Налив сквозной, Налив белое), Грушовка московская (тез пісетін қысқа сабақты сорт), Июльское, Мальт багаевский, Пеструшка (Қонфетное), Раннее колхозное, Суйслеппер (Белое-розовое, столовое, Суйслеппское, Столовка), Яндыковское, Мельба, Кальвиль уральский румянный.
Күздік сорттар: Боровинка (Харламовское), Мильтон, Осеннее полосатое (Штрейфлинг), Ренет казахстанский, Славянка, Ефимовское, Заря Алатау, Исилькульское, Любимец, Пепинка алтайская, Пепинка литовская, Ренет Бурхардта, Ренет золотой Писгуда.
Күздік-қыстық сорттар: Алма-Атинское зимнее, Антоновка новая, Бабушкино, Бельфлер алмаатинский, Золотое Грайма, Грушовка вернёнская, Заилийское, Зимнее банановое (Банан зимний), Красный железняк (Красное железное, Красное Айзера, Красный Эйзер), Мекинтош, Пармен зимний золотой, Пепин шафранный, Ренет золотой Писгуда, Ренет орлеанский (Зимний шафран, Красный шафран, Шафран), Северный синап, Ренет Симиренко, Розмарин белый, Румянка алма-атинская, Алтайский голубок, Анис алый, Анис полосатый, Антоновка обыкновенная, Апорт, Голден Делишес (Золотое превосходное), Горноалтайское, Грушовка талгарская, Жаңа-алма, Қальвиль Қацейко, Кандиль-китайка, Милтон, Ренет Моисеева, Розмарин белый, Салтанат, Скрыжапель, Уральское наливное.
Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алу. Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алғанда әрбір облысқа климат жағдайына қарай ұсынылған стандартты сорттарды басшылыққа алу кажет. Бұл сорттар жемісінің пісу мерзімі мен пайдалануға жарамдылығы, бау иелерінің қажетін қанағаттандыру дәрежесі де ескерілгені жөн. Мұнда мейлінше көп сақталынатын қыстық сорттарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Стандартты сорттарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын сорттың бір немесе екінші турін кебейтіп жіберу — әсіресе өнімді жинаған, сақтаған, еңдеген кезде көптеген қиыншылықтарды туғызады. Сондықтан жеке меншік бақ учаскесінде еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатын көздеп, белгіленген ағаш тұқымы мен сорттардың өзара теңбе-теңдік тәртібін мұқият орындау керек.
Жеміс дақылдарының аудандастырылуы
Оңтүстік аудандарда (Қызылорда, Шымкент облыстарында):
Алма. Розмарин белый, Пармең золотой зимний, Ренет Симиренко, Қандиль синап, Ренет Орлеанский, Золотое Грайма, Налив белый, Бойкен, Ренет Ландсберга, Апорт, Ренет Бурхардта, Пеструшка, Суйслеппер. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін негізінен Титовка, Грушовка московская, Ренет курский золотой, Мичуриндік сорттар — Бельфлер-китайка, Пепин шафранный, Кандиль-китайка.
Алмұрт. Лесная красавица, Любимица Клаппа, Вильямс, Бере Боск, Фердинанд, Жозефина Мехельнская. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін — Лимонка, Бессемянка, Бере зимняя Мичурина.
Алхоры. Шабдалы алхорысы, Ренклод зеленый, Венгерка итальянская және домашняя, Екатерининская, Анна Шпет, Виктория, Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін — ерте пісетін қызыл алхоры, Канадская.
Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Дрогана желтая, Бычье сердце, Қызылорда облысыныц солтүстік аудандары үшін — Владимирская, Растунья.
Оңтүстік шығыс аудандарда (Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында):
Алма. Оңтүстікке арналған сорттар Зеленка, Грушовка верненская және Бернское розовое; Талдықорған облысы үшін негізінен — Суйслеппер, Пеструшка, Ренет Бурхардта, Апорт, Белый налив, Титовка, Ренет золотой курский, Антоновка және Мичуриндік сорттар, Заря Алатау, Румянка алма-атинская, Золотое превосходное (Голден Делишес).
Алмұрт. Лесная красавица, Зеферена грегуар, Талгарская красавица, бұлар негізгілері, ал кеңінен сынау ретінде оңтүстік аймақтарға арналған басқа сорттар – Талдықорған облысы үшін — Лесная красавица, Бессемянка және Бере зимняя Мичурина.
Алхоры. Оңтүстікке арналған сорттар, сонымен бірге Ренклод прозрачный, Ренклод Альтана, Венгерка ажанская, Марковтыні алхорысы және Тәтті қара алхоры.
Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Владимирская, Остгейм Гриоты, Дрогана желтая, Талдықорған облысы үшін негізінен Любская, Шпанка, Владимирская, Растунья және Плодородная Мичурина
Солтүстік шығыс және батыс аудандарда (Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Целиноград, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Орал, Гурьев, Жезқазған және Маңғышлақ облыстары):
Алма. Анисик омский, Уралец, Желтый налив, Таежное, Хорошавка, Фермская, Китайка анисовая, Ефремовское, Красноярский гибрид, Крупноплодная Китайка, Китайка золотая ранняя, Каргас.
Батыс облыстарда — Анис, Грушовка московская, Мальт, Воровинка, Титовка, Яндыковское, Скрут, Бельфлер-китайка, Пепин шафранный, Астарханское белое, Пепин литовский, Украинка, Шафран-китайка.
Жатаған түрде — орталық орыстық және мичуриндік барлық сорттар, сонымен бірге Апорт, Пеструшка, Ренет Бурхардта.
Алмұрт. Лукашовтың сорттары және Уссурийск алмұртының іріктелген түрлері. Батыс облыстар үшін — Бессемянка, Бергамот волжский, Лимонка, Бере зимняя Мичурина сорттары жатады.
Алхоры. Уссурийск және Канада алхорыларының іріктеліп алынған түрлері, алхоры-шие будандары, Скороспелка, Венгерская домашняя.
Шие және қызыл шие. Далалық және құмдық шиелердің іріктеліп алынған түрлері, Воилочная вишня, жатаған түрлері — Краса Севера және Плодородная Мичурина.
Батыс облыста да — Владимйрская, Растунья, Любская, Морель розовая, Краса Севера, Плодородная Мичурина.
ЖЕМІС СОРТТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Алма. Апорт (Апорт Александр және темно-красный Апорт)—Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарының біраз аудандары үшін негізгі сорт. Төсемелі түрде республиканың солтүстік-шығыс облыстарында да өсіріледі. Бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, 7—8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімі аса мол, әрбір жеміс ағашы жылына 300—400 кг дейін өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500— 600 грамға дейін жетеді, түсі әдемі жарқын болады. Бұл сорттың жемісі сентябрь айының жартысында піседі, январь-февраль айларына дейін еркін сақтауға болады. Мұндай сорттың жеміс ағаштарын желдің күйдіруінен қорғау керек болады. Бұл республикадағы жеміс ағаштарының ішіндегі ең бағалы сорттарының бірі.
Ең жақсы тозаңданатын сорттар — Грушовка верненская, Зеленка, Ренет, Ландсбергский және Пеструшка.
Анис. Негізінен Батыс Қазақстан және Гурьев облысында тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, ұзақ жасайды және мол өнім береді (орта есеппен әрбір ағаш 100— 120 килограмға дейін өнім береді). Бұл сорттың жемісі августа піседі, ноябрь айына дейін сақталады. Тозаңдатқыштары — Украинка, Мальт және Антоновка.
Антоновка обыкновенная. Алманың байырғы сорттарының бірі. Республикамыздың батыс облыстарында жиі кездеседі. Бұл сорт қысқа, суыққа төзімді. 6—8 жылдан кейін өнім бере бастайды. Мейлінше мол өнімді, әр ағаштан бір жарым-үш центнерге дейін өнім жинауға болады. Бұл сорттың жемісі сентябрьдің бас кезінде піседі, январь айына дейін сақталады. Жемісінің ірілігі орташа. Дәмі қышқыл-тәтті келеді, осыған сәйкес хош иісті болады. Солтүстік-шығыс облыстарда төсемелі түрде өсіріледі.
Анис омский. Солүстіктен шыққан ерте пісетін сорт, егілгеннен соң 3—4 жылдан кейін өнім бере бастайды, қысқа мейлінше төзімді, әдетте жартылай сидам сүректі және түпті түрде өсіріледі. Жемісі. августа піседі, салмағы 30—40 грамға дейін жетеді. Дәмділік сапасы қанағаттанарлықтай.
Белый налив. Жаздық сорт. Ағашы қысқа төзімді келеді, бірақ солтүстікте жатаған түрде ғана өсіріледі. Ағаш егілгеннен кейін 4—5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Жемісі июльде піседі. Сақтауға жарамсыз келеді, жаздық ерте пісетін сорт ретінде бағалы.
Бернское розовое. Күздік сорт, қысқа төзімділігі орташа, мол өнімді келеді. Ерекше хош иісті сұлулығымен бағалы жеміс.
Бельфлер-Китайка. И. В. Мичурин өсіріп шығарған бағалы күздік-қыстық сорт. Жемісі ірі, түсі әдемі, өте дәмді келеді. Егілгеннен кейін 5—6 жылдан соң жеміс береді. Өнімділігі жақсы. Жемісі августың аяқ кезінде және сентябрьдің бас кезінде піседі, ноябрь-декабрьге дейін сақталады. Солтүстік облыстарда жатаған түрде өсіріледі.
Боровинка. Орыстың күздік байырғы сорты. Ағашы қысқа төзімді. Әрбір ағаш 2 центнерге дейін жеміс береді. Жемісінің ірілігі орташа, түсі көкшілсары жол-жол болады. Дәмі қышқыл-тәтті.
Золотое Грайма. Бағалы оңтүстік сорт. Қысқа төзімді, өнімділігі орташа. Жемісінің түсі сары, домалақ болып келеді. Өте дәмді деп есептеледі. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ғана өсіруге болады.
Грушовка верненская (алма-атинская) Алматы облысындағы аса бағалы қыстық алма сорты. Ішінара Жамбыл және оңтүстік облыстарға да тараған. Қысқа төзімділігі орташа. Еккеннен кейін 7—8 жылда жеміс бере бастайды. Өнімділігі жақсы. Жемісі орташа және ұсақ келеді. Түсі қызыл болады, қабығы астында көптеген түйіршіктері бар. Дәмі қышқыл-тәтті. Жемісі февраль-март айларына дейін сақталады, бірақ кейде қабық астындағы ноқаттары шіріп кетеді. Грушовканы ең жақсы тозаңдатқыш — Зеленка.
Грушовка московская. Жазда пісетін орталық орыс жерінің байырғы сорты. Қысқа төзімділігі жақсы. Мол өнім береді. Жемісі майда, түсі сарғылт-қызыл, өте сүйкімді қышқыл-тәтті дәмді болады. Июль айында піседі. Піскеннен кейін жемісі тез түсіп қалады.
Ефремовское. Солтүстіктен шыққан сорт. Ағашы қысқа мейлінше төзімді болады және ерте пісіп жеміс береді, 3—4 жылдан кейін. Жемісі майда келеді, түсі сары, өте дәмді, август айында піседі, сентябрьге дейін сақталады.
Зеленка. Қыстық сорт. Ағашы қысқа төзімді болады, 6—7 жылдан соң жеміс бере бастайды. Өнімділігі жақсы, жемісі ірі болады. Түсі көкшіл, дәмінің сапасы орташа, біраз құрғақтау келеді, февраль-март айына дейін сақтауға болады.
Кандиль синап. Оңтүстік үшін аса бағалы қыстық сорт. Мұның жемісі, май-июнь айына дейін ұзақ сақталады, қысқа төзімділігі орташа, жемісті өте кеш, 12—-15 жылдан кейін барып береді. Жемісі тез пісіп қалады, сондықтан мұның ағаштары жақсы қорғанысты керек іетеді. Бұл сорттың жемісі сентябрьдің аяқ кезінде және октябрьдің басында піседі. Жемісінің ірілігі орташа, кейде ірі де болады, формасы цилиндрге ұқсайды, түсі қызыл дақты сары болады, өте шырынды, дәмді келеді. Ең жақсы тозаңдатқыштары — Апорт, Розмарин белый, Пеструшка.
Китайка золотая. Бұл сортты И. В. Мичурин өсіріп шығарған. Жемісі өте срте, июльдің бас кезінде піседі. Ағаш егілгеннен кейін 3—4 жылда, кейде тіпті питомникте өсірілгеннің өзінде-ақ жеміс бере бастайды. Жемісі ұсақ келеді, өте дәмді болады. Солтүстік аудандар үшін аса бағалы сорт деп есептеледі.
Китайка крупноплодная. Бағалы сорт. Ағашы қысқа төзімді және мол өнімді болады. Жемісі ұсақ, бірақ кәдімгі китайкадан 4—5 есе ірі келеді, түсі өте әдемі, дәмділігі орташа. Өсіруге өте қолайлы сорт.
Китайка анисовая. И. В. Мичурин өсіріп шығарған, қысқа төзімділігі жоғары. Бұл ерте жеміс беретін, мол өнімді сорт, жемісі де өте сапалы болады. Кәдімгі қалыпта өсірген жағдайда солтүстік үшін бағалы сорттың бірі.
Карагас. Республикамыздың солтүстік облыстарында кәдімгі қалпында өте төзімді келеді. Жемісі ірі, салма-ғы 40—60 грамға жетеді, пішіні сопақ, түсі түрлі бояулы көрікті. Бұл солтүстік облыстарда өсіруге қолайлы сорт.
Мальт багаевский. Әдемі түсті жемісінің ірілігі орташа, аса бағалы жаздық сорт. Ағашы қысқа мейлінше төзімді және мол өнімді келеді. Алты жылдан кейін жеміс бере бастайды.
Пармен зимний золотой. Оңтүстік үшін өндірістік бағалы сорт. Республиканың оңтүстігінде көп тараған, ағашының қысқа төзімділігі орташа, 5—6 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өте мол өнімі болады. Жемісі ірі және орташа, түсі қызыл жолақтары бар сары келеді, дәмі аса тәтті, августың аяқ кезінде, сентябрьдің бас кезінде піседі. Март-апрель айларына дейін сақталады. Бұл сорт айналасына жылы қорғаныс жасалған учаскеде жақсы өседі.
Пеструшка. Алматы облысында, ішінара республиканың оңтүстігіндс тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, мол өнімді (әрбір ағашы 300—350 киилограмға дейін жеміс береді), егілгеннен кейін 7—8 жылдан соң өнім бере бастайды. Жемісінің ірілігі орташа, жолағы бар, қызыл түсті келеді, дәмді, хош иісті болады. Август айында піседі. Бұл кезде ерте пісетін сорт ретінде тасымалға қолайлы келеді.
Пепин шафранный. Аса бағалы И. В. Мичурнн өсірген сорт. Ағашы 4—5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мол өнімді келеді. Жемісі сентябрьде піседі, декабрь-январь айларына дейін сақталады. Жемісінің ірілігі орташа, түсі қызғылт, өте дәмді. Ағашы қысқа төзімді болады. Бұл сорт республикамыздың оңтүстік шығыс облыстарының тау баурайында, республикамыздың батысында және солтүстігінде (жатаған түрде) кеңінен өсіруге қолайлы келеді.
Ренет Бурхардта. Алматынын күздік жақсы сорттарының бірі, Алматы облысында және республиканың оңтүстігінде көп тараған, ағашы қысқа төзімді және биік келеді. 5—6 жылдан соң жеміс бере бастайды. Жылма жыл аса мол өнім беріп отырады, әрбір жеміс ағашынан 150—200 килограмға дейін өнім жинауға болады, жемісінің ірілігі орташа, түсі сары келеді, август айында піседі, декабрь-январь айларына деңін сақталады, тасуға қолайлы, дәмі жақсы. Солтүстікте жатаған түрде өсіруге болады. Ең жақсы тозаңдатқышы — Суйслеппер.
Ренет Ландсбергский. Алманың мол өнімді, ерте пісетін оңтүстік сорты. Қысқа төзімділігі жеткілікті емес. Жемісі ірі, көкшіл-сарғылт түсті, жұмсақ, шырынды келеді. Сентябрь айының аяғында піседі, апрель-май айына дейін сақталады. Бұл сорттардың ағаштары айналасында қорғаныс болған жерде жақсы өседі. Ең жақсы тозаңдатқыштары — Пеструшка, Пармен зимний золотой.
Розмарин белый. Алмасы оңтүстіктегі өндірістік ең жақсы сорттың бірі. Өнімі мол болады, әрбір ағаштан 400 килограмға дейін өнім жиналады, бірақ жеміс беру мерзімі өте ұзаққа созылады, егілгеннен кейінгі 12— 14 жылдан соң барып жеміс бере бастайды. Ағаштары аса ірі, әрі қысқа төзімді келеді. Жемісінің ірілігі орташа және ұсақ, сүйір ақ түсті, қызғылт дақтары болады, аса шырынды және дәмді келеді, сентябрь айының аяқ кезінде және октябрь айының бас кезінде піседі, майға дейін сақталады. Ең жақсы тозаңдатқыштар — Кандиль сннап, Золотое Грайма, Белый налив.
Ренет Симиренко. Ағашы ерте жеміс беретін оңтүстіктің бағалы сорты. Қысқа онша төзімді емес, өнімді, жемісі ақшыл, бөрткені бар көгілдір түсті, ете дәмді келеді, октябрь айында піседі, сентябрьге дейін сақталады. Жылы және айналасында қорғанышы бар жерде жақсы өседі.
Ренет орлеанский. Алмасы оңтүстіктің бағалы сорты, республикамыздын, оңтүстігіне және Алматы облысына тараған. Ағашының қысқа төзімділігі және жеміс беруі орташа келеді. Жемісінің дәмі тәтті, мейлінше тығыз болады, түсі әдемі, октябрь айында піседі, март-апрель айына дейін сақталады.
Ренет золотой курский. Алманың-қысқы сорты. Ағашы суыққа жеткілікті төзімді, мол өнім береді. Жемісінің түсі сары, өте ірі жалпақ домалақ келеді, шырынды, дәмі тәтті-қышқыл болады, октябрьдің бас кезінде піседі, апрель-май айына дейін сақталады. Бұл өте төзімді сорт, кеңінен таратуға болады.
Суйслеппер. Алманың жаздық тәтті сорты. Алматы және Талдықорған облыстарында тараған. Оңтүстікте де кездеседі. Ағашы қысқа жеткілікті төзімді. 7—8 жылдан кейін өнім бере бастайды. Өнімділігі жақсы, бірақ жыл сайын жемісті үздіксіз бермейді. Жемісі орташа, түсі ақ, қызғылт келеді, жемісі мейлінше жұмсақ болады, июль айында піседі.
Славянка. И. В. Мичурин шығарған сорты. Ағашы суыққа төзімді, мол өнімді келеді, 5—6 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жемісінің ірілігі орташа, түсі көкшіл-сары болады, дәмді келеді, авғустың аяқ кезінде піседі, ноябрьге дейін сақталады. Солтүстікте жатаған түрі жақсы өседі.
Титовка. Алманың күзде пісетін, суыққа төзімді, орыстың ежелгі алма сорттарының бірі. Мол өнімді, бірақ мұның жемісі іріктеп, жинап алуды керек қылады. Жемісі ірі келеді, түсі қызыл-жолақты, август айында піседі, сентябрьге дейін сақталады.
Таежное. И. В. Мичурип шығарған сорт. Суыққа мейлінше төзімді. Жемісті ерте береді. Жемісі ұсақ, дәмді, орташа келеді. Солтүстік аудандарда және егін қорғайтын орман алқаптарына өсіруге болады.
Заря Алатау. Алманың күздік қышқыл тәтті сорты. Алматы облысының таулы, тау етегіне тараған. Суыққа төзімді. Әр түрлі ауруға шыдамды. 5—6 жылдан кейін өнім береді. Өнімділігі мол, бір ағаш түбінен 150— 170 кг. Май айына дейін сақталады. Жемісі орташа, түрі көк сары, хош иісті.
Салтанат. Күздік-қыстық сорт, Алматы облысына тараған, суыққа, әр түрлі ауруға төзімді, 8—9 жылдан кейін өнім береді. Өнімді жыл сайын береді. Сентябрьдің аяғында жемісін жинайды, май айына дейін сақтауға болады. Жемісі ірі көк-сары, тығыз, қышқыл-тәтті, ароматты иісі бар.
Румянка алма-атинская. Асханалық бағыттағы сорт. Ағаштардың өскелеңдігі орташа, бөрік бастары дөңге-лек, қою, суыққа өте төзімді. Кеш, майда гүлдейді. Жемісі сентябрьде піседі. Өнімі орташа. Жемісті 7—8-ші жылда салады. Алмасы ірі, 200 грамға дейін барады, бір жағы шошақ домалақ. Қабығы тығыз, түсі ашық жасыл, қызыл қоңыр реңі болады. Дәмі жақсы. Жемісін апрельге дейін сақтауға болады. Алматы, Талдықорған және Жамбыл облыстарының климаты неғүрлым қатал, тау етегі мен жазық дала аймақтарында есіру үшін ұсынылады.
Золотое превосходное (Голден Делишес). Күздік-қыстық сорт. Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Суыққа төзімділігі орташа. Жемісті. 8-ші жылда салады. Бір ағаш түбірінен 15-ші жылда 45—150 кг дейін өнім альшады, сентябрь айында піседі, апрель айына дейін сақталады. Қабығы тығыз, түсі ашық-қызыл, қышқыл-тәтті.
Алмұрт
Бессемянка. Алмұрттың суыққа төзімді, мол өнімді орыс сорты. Жемісінің ірілігі орташа, түқымы болмайды. Дәмі орташа келеді, жемісі август айында піседі, сентябрь айына дейін сақталады.
Бере зимняя Мичурина. Алмұрттың суықка төзімді сорты. 7—8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жемісі ірі, әдемі, жақсы, дәмді болады, сентябрь айында піседі. Зеферена Грегуар. Алмұрттың бағалы, күздік-қыстық сорты. Алматы облысында көп тараған. Ағашы аласа болады, жемісті ерте береді, егілгеннен кейін 4—5 жыл-дан соң өнім бере бастайды. Жылма-жыл жеміс беріп тұрады, бірақ майда келеді, түсі сары, өте дәмді болады. Сентябрь аяғында піседі, декабрь айына дейін сақталады. Баудың қатараралықтарын жиілетуге және үй іргесіндегі бауға қолайлы келеді.
Любимица Клаппа. Ірі жемісті, өнімділігі орташа, қысқа төзімді, жаздық сорт. Август айының бас кезінде піседі.
Лесная красавица. Бұл Қазақстанның жеміс шаруашылығы бар өндірістік аудандарында кең тараған сорт. Ағашы өте тез піседі, суыққа төзімді келеді. 8—9 жыл-дан кейін жеміс бере бастайды, мол енімді, әрбір ағаштан 300-400 килограмға дейін жеміс жинауға болады, жемісі ірі келеді, түсі көкшіл сары болады, қызғылт бөртпелері бар, жемісі өте жұмсақ, шырынды болады, август айында піседі, ноябрь айына дейін сақталады. Бұл бағалы өндірістік сорт болып табылады.
Лукашовки. Бұл Тема, Поля, Лида және Ольга деп аталатын алмұрттың суыққа төзімді төрт сорты, оларды А. М. Лукашев Қиыр Шығыста өсірген болатын, жемісінің орташа салмағы 60—70 грамм болады, Уссурийск алмұртынан көп дәмді келеді. Жас күйінде және өңделгеннен кейін тұтынуға болады. Бұл сорттардың аса бағалы қасиеттері — суыққа төзімді, жемісті ерте береді, 4—5 жылдан соң мол өнімді болады.
Уссурийская. Алмұрттың қысқа (суыққа) өте-мөте төзімді сорты, кәдімгі қалпында оңтүстік аудандарда өсіріледі. Жемісінің дәмі орташа, өңдеуге қолайлы болады.
Фердинанд (Бере Арданпон). Алмұрттың қыстық, ірі жемісті сорты. Ағашы қысқа, орташа төзімді, өнімділігі орташа болады. Жемісі бедерлі, шырынды келеді, дәмі шарап сияқты тәтті болады, ерекше хош иісі бар, октябрьге дейін піседі, январьға дейін сақталынады. Бұл сорт жылы, айналасында қорғанысы бар, құнарлы топырақты жерде өседі.
Ароматная. Ағаштары биік, 5,5 м, берікбастары кең пирамидальді, қою. Қысқа өте төзімді, өсіріліп келе жатқан жылдардың ішінде бірде-бір үсіген жоқ. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 8-ші жылда жеміс салады, өнімді жыл сайын мол береді: 12 жастағы ағаштарынан 24 кг, ал 22 жастағы ағаштарынан 150—200 кг өнім алынады. Жеміс ағашта берік тұрады, үзіліп түспейді, кеш, октябрьдің басында піседі. Жемісінің орташа салмағы 150 г, түсі сарғылт жасыл, сәл ғана қызғылт реңі бар. Жұмсағы нәзік, сулы, майлы, тәтті, хош иісті. Дәмдік сапасы жақсы. Жемісі январьға дейін шыдайды.
Алматы облысының тау баурайы, тау етегі және оңтүстік-шығыс аймақтарында, Қызылорда облысының барлық аймағында және Талдықорған облысының Панфилов аудандарында өсіруге ұсынылады.
Бере Боск. Сорт суықка онша тезімді емес, жылы жерлерде ғана өсіруге болады. Өнімді жыл сайын орташа мөлшерде береді. Жемісінің үлкендігі орташа, сыртын түгел дерлік тат басқан, жұмсағы нәзік, ауызға салғанда еріп жүре береді, десерттік дәмі бар.
Шымкент облысында августың аяғында піседі, ұзақ сақталмайды 20—30 күнге ғана шыдайды. Шымкент облысының тау етегі және таулы аймақтарында өсіру үшін ұсынылады.
Жозефина Мехельнская. Қазақстандағы көп тараған жері — Шымкент облысы. Ағаштары орта бойлы, берік бастары аумақты дөңгелек;

солтүстіктегі аудан-дардағы ағаштары тіпті аласа~, биіктігі 2,5—3 м, сон-дықтан мүны ағаштары биік өсетін сорттар отырғызыл-ган баулардыц ішін жиілету үшін пайдалануға болады. Ағаштары суыққа тезімді, 1951 және 1954 жылдардағы қатты қыста үсіген жоқ.
Жемісі — октябрьдің басьшда жиналады, жатқан кү-.
йінде ноябрьде әбден піседі, январьға дейін бүэылмай-ды. Жемісі үсақ, түсі ашық сары, толып жатқан тат нүктелері, қызғылт реңі бар. Жүмсағы қызғылттау, су-лы, ерігіш, тәтті, сәл қызғылтым. Алматы, Жамбыл, Шымкент тау етегі аймақтарында және Қызылорда об-лысыньщ оңтүстік пен орталық аймақтарында өсіруге ұсынылады.
Талгарская красавица. Ағаштары орта бойлы больш өседі, бөрікбастары кең пирамидальді, онша тығыз емес. Суыққа ете төзімді. Ағаштары жемісті ерте 6—7 жыл-дан кейін салады, өнімді жыл сайын береді.
Жемісі сентябрьдің аяғында піседі. Сабағынан үзіліп шашылмайды. Жеміс өнімі мол, 12 жастағы ағаштары жеміс сала бастағаннан бергі уақыттын. ішінде жыл сайын орта есеппен гектарынан 118—120 цгнтнерде өнім беріп келеді, ал Лесная красавица сорты осы мерзімде гектар сайын 52—53 центнерден ғана алмұрт береді.
Л^емісі ірі, 170—180 г, пішіні. шөлмек тәрізді, тусі сүрғылт жасыл, ашық қызыл реңі бар. Жұмсағы тығыз, өте сулы кіртілдек, тәтті, аздап алмұрттың хош иісі бар. Дәмдік сапасы жақсы. Тасуға төзімді. Март айы-на дейін бүзылмай шыдайды. Үй маңына, дачаға өте қолайлы сорт.
Алматы облысының жазық дала аймағынан басқа, барлық аймақтарында, Шымкент облысының оңтүстік аймағынан басқа, барлық аймақтарында, Қызылорда, Жамбыл және Талдыкорған облыстарының барлық ай-мақтарында өсіруге үсынылады.
Алхоры
Анна Шпет. Алхорының суықка төзімді, мол өнімді сорты. Жемісі ірі, дәмді болады. Октябрь айыиың.бас кезінде піседі, 15 күнге дейін сақталынады. Оқтүстікте кеңінен өсіруге болады.
Виктория. Әрбір ағашы 100 килограмнан аса жеміс беретін, алхорының аса мол өнімді сорты. Жемісі ірі, түсі күңгірт қызыл, дәмді келеді. Ағашы кысқа төзімді болады, 4—5 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Бүл сортты кеңінен таратуға болады. Дәнді жемісті бауда жиілеткіш ретінде отырғызуға қолайлы келеді.
Екатерининская. Республикада көп тараған алхоры-иын, қысқа төзімді және мол өнімді сорты. Жылма-жыл мол енім береді. Жемісінің түсі көкшіл-сары, дәмді бо-лады, түрлі әдістермен өңдеуге қолайлы келеді. Бүл өндірістік €Ң жақсы және төзімді сорттьщ бірі.
Канадская слива (Карзин). Бұл мол өнімді, қысқа төзімді, ерте жеміс беретін сорт. Жемісі ұсақ болады, дәмділік сапасы орташа. Мұны алхорыньщ суыққа мей-лінше төзімді сорты ретінде өсіруге болады.
Шабдалы алхорысы. Алхорының барлық сорттары-ньщ ішіндегі енЛрісі. Ерте — июль айында піседі. Өнім-■ ділігі орташа болады. Егілген учаскесінің айналасында қорған алқабы болуы шарт.
Ренклод Альтана. Мұның жемісі мейлінше дәмді, аса бағалы, оңтүстік сорт. Өнімі орташа. Ағашы қысқа он-ша төзімді емес.
Ренклод прозрачный. Алхорының тез өсетін, мол өнімді, жемісі ірі, оңтүстіктегі сорты. Топырақтың құ-нарлы болуын, айналасында қорған сияқты алқап бо-луын керек етеді.
Слива Маркова. Кеш түлдейтін алхоры, жемісінің канты мол болады. Ерте және жылма-жыл жеміс береді. Өнімділігі жақсы. Ағашы аласа болып өседі, дәнді же-місті бау үшін жиілеткіш ретінде пайдалануға болады.
Уссурийская. Бұл қысқа төзімді, мол өнімді, жемісі ірі, дәмді, аса сапалы алхоры сорты. Республикамыздың солтүстігінде кеңінен есіруге болады.
Бенгерка домашняя. Жамбыл облысының бауларын-да кездеседі. Алматы облысында аз кездеседі. Суыққа төзімділігі орташа. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6—7 жылда жеміс салады. Бір жылы өнімді өте кеп берсе, екінші жылы аз береді.
Жемістері үлкен емес, 25—30 г, сопақша келген жұ-мыртқа тәрізді. Қабығы тығыз, түсі қоңыр кек, оңай сыдырылады. Жұмсағы тығыз, жасыл сары түсті, сулы, дәмі өте ұнамды, қышқылтым-тәтті, кейде аздап ауызды куырады. Сүйегі жүмсағынан оңай айрылады. Жемісі октябрьде піседі, үзіліп түспёй, сабағында кысқа дейін тұрады, тасуға өте төзімді.
Ренклод зеленый. Шымкент пен Алматы облыстарын-да кездеседі. Бауға отырғызылғаннан кейін 3—4 жыл-дан соң жеміс сала бастайды. Жемістерінін. ірілігі орта- : ша 32 г, пішіні домалақ. Қабығы тығыз, куңгірттеу : келген сарғылт жасыл түсті. Жүмсағы сарғылт жасыл, ; нәзік, тәтті және өте дәмді. Сүйегі оңай айрылады. Же-місі августа піседі. Жемісін жас күйінде жейді, кон- : серві жасауға және кептіруге пайдаланады. ;
Бүл сорт Қазақстакның бау шаруашылығы үшін өте колайлы оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарында , есіріледі. Гурьев облысьшың- қала маңы мен оңтүстіқ :
батысында және Маңғыстау аймақтарында есіруге ұсьт-
нылады.
Чернослив поздный чимкентский. Шымкент облысын-
да тараған жергілікті сорт. Тамырынын. балапан «бұтақ-
шаларынан өсііьөнеді. Ағаштары өте өскелең, суыққа і төзімді, берікбастары сыпырғышқа үқсайды. Жыл сайын I мол өнім береді, жемісінін. дәмдік сапасы толық қана-I ғаттанарлык. 1954—1955 жылғы қатты кыста ағаштары % үсігеажоқ. Жемістерінің орташа салмағы 25—30 г, түсі !■ қоңыр кәк. Сүйегі жүмсағынан оңай айрылады. Кеш, г сентябрьде піседі. Жергілікті халық қара өріктің жас
жемістерін шардақта ұстап, екі-үш айға дейін сақтайды. ‘ Алмаатинка (Родина). Ағаштары онша өскелең емес.
Жемісі ірі (45—50 г), жүмыртка пішінді, түсі қоңыр ■: сүр (мрамор түстес). Жүмсағы тығыз, тәтті, дәмдік са-■ пасы жақсы, сүйегі жүмсағынан оңай айрылады. Өнімі : мол.
Жемістері августың бірінші жартысында піседі. Сорт ; Шымкент облысының орталык аймағында аудандасты-’ рылған.
Казахстанская. Ағаштарының өскелеңдігі орташа,
ағаштары мен екпелері суыққа едәуір төзімді. Отырғы-
зылғаннан кейін 4—5 жылда жеміс сала бастайды. Же-
I місінің ірілігі орташа, салмағы 31 г, пішіні сопақша.
-. Қабығы қара көк, дөрекі. Қейбір жемістерінің кіндік
.; жағында торлары болады. Жүмсағы сулы, сәл талшық-
: тьғ, тәтті, дәмді, түсі күңгірт жасыл. Сүйегі жүмсағы-
нан нашар айырылады.
Жемістері тау етегі аймағында сентябрьдің басында s гіссді, кептірілген жемістері ете сапалы. Бұл сорт Ал-; маты және Шымкент облыстарында кездеседі.
Скороспелка красная. Өсіп өну үшін көп күй таңда-: майды, суыққа едәуір төзімді. Отырғызылғаннан кейін 7—8 жылда жеміс салады. Өнімді мол береді. Жемісі үсақ, түсі қызыл, сулы, қышқылтым-тәтті, дәмі қанағат-танарлык. Августың аяғында піседі. Орал, Гурьев об-лыстарында аудандастырылган. Бүл облыстарда есіру болашағы зор.
Память Тимирязева. Ағаштары орташа болып еседі, суыққа төзімді. Бауға отырғызылғаннан кейін 2—3 жыл-да жеміс сала бастайды. Жемісінің ірілігі орташа (20— 25 г), сопақша-домалақ, түсі сары, қызғылт реңі бар, жүмсағы сары, тәтті, сүйегі жұмсағыыан оңай айрыла-ды. Алматы облысының жағдайында жемісі сентябрь-Дің бірінші онкүндігінде піседі.
Өнімді мол беретін, суыққа тезімді сорт ретінде Ал-
маты, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Гурьев және Маңғышлақ облыстарында өсіруге болады. Оригинальная. Ағаштарының өскелеңдігі орташа, же-місті ерте салады. Жемістері орташа немесе ұсақ, пішіні домалақ. Қабығы тегіс, тусі коңыр қызыл, оңай сыпы-рыладьг. Жұмсағы қызыл қоңыр, тәтті, өзіне тән сүй-кімді хош иісі бар, дәмдік сапасы жақсы. Жемісі авгус-тын, екінші жартысында піседі. Алматы, Шымкент, Жам-был, Талдықорған облыстарында егуге болады.
Шие мен ңызыл шие
Дрогана желтая. Қызыл шиенің қысқа. мейлінше тө-зімді және мол өнімді сорты. Жемісі сарғылт, шырын-ды, тәтті болады. ■
Любская. Шиенің аса төзімді, мол енімді сорты. 3— 4 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жемісінің тусі қоңыр қызыл, дәмі қышқылтым келеді, өңдеу ушін мей-лінше қолайлы. Дәнді, жемісті, бауды жиілетуге қолай-лы келеді.
Гриот остгеймский. Еккеннен кейін үшінші жылы же-міс салады. Жемістері тегіс-домалақ пішінді түсі қызыл коцыр. Орташа салмағы 30—35 г. Қышқылтым-тәтті, тілді үйіртетін суйкімді, жұмсағының сапасы өте жақсы. Супегі жұмсағынан оңай айрылады. Жемістері июльдін, алгашқы жартысында піседі және жас куйінде тұтыны-лады, тосап пен компотқа да жақсы.
Қазақстанның оңтустік, оңтүстік-шығыс, Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы не-гізгі сорттардьщ бірі. Ақтөбе облысыныц Ойыл айма-ғьша өсіруге үсынылды.
Полевка. Егісімен 3—4 жылда жеміс сала бастайды. Жемісті жыл сайын береді. Жемістері ашық қызыл. Салмағы 3 г, сулы, қышқылтым-тәтті, дәмділігі онша емес. Сүйегі ұсақ, жұмсағынан оңай айрылады. Жеміс-тері июльдің ортасында піседі, піскен соң сабағында он кундей тұрады.
Суыққа төзімді және өнімді болғандықтан, Қазақ-станның ауа райы неғүрлым қатаң аудандары мен об-лыстарында есіруге үсынылады. Ағаштары суыққа өте төзімді.
Бүл сорт Алматы облысының жазық дала және шөл дала аймақтарында, Орал облысынын оңтүстік және орталык аудандарында өсіру үшін үсынылады.
Самаркандская. Өзбекстандық сорт. Алматы облысы-; ның тау етегі аймағьшда өседі, ағаштарыньщ суыққа’
төзімділігі орташа. Еккеннен кейін 4 жылДан кейін же^ ыіс сала бастайды.
Жемістері орташа 3—3,5 г домалақ, түсі күрең, жұм-, сағы қызыл қоныр, нәзік, қышқылдау, хош иісті. Июль-дің бірінші жартысында піседі. Кептірген жемісінің са-пасы ете жақсы, консервілеуге де жарайды.
Жамбыл облысының жазықтағы, Шымкент облысы-ның оңтүстік және орталық аймақтарында аудандасты* ‘ рылған.
Аморель розовая. Ағаштары орташа болып өседі. Демістері айқын қызғылт, тегіс домалак, ірілігі орта-ша 3,5 г. Жүмсағы ақшыл, сулы, тәттілеу-кышқыл. Ку.аңшылыққа өте төзімді. Жемісті ете тез салады. Өнімді жыл сайын, әрі мол береді. Жемістері июньде піседі, ағаштарында ұзақ тұрады. Асханалық сорт, та-суға тезімсіз.
Орал және Гурьев облыстарының барлық жеміс ай-мақтарында, есіруге үсынылады.
Кара гелес (Қара керез). Өзбекстандық жергілікті сорт. Ағаштары жақсы дамыған. Суыққа және турлі ау-руларға төзімді. Асханалык сорт, консервілеуге де жа-■райды, орташа кезеңде піседі. Жемістерінің ірілігі ор-таша, журек пішіндес, қызыл қоңыр. Жұмсағының тусі қызыл, тығыздығы орташа, сәл кіртілдек, кышқылтым-тәтті, аздап ашқылтым, әбден піскен кезде ашқылтым-дығы жойылып кетеді, дәмдік сапасы л<ақсы, суйегі орташа, узынша, жұмыртқа тәрізді, жұмсағынан оңай айрылады. Жемісін жас куйінде жейді. Шымкент.облы-сының оңтустік аймағында аудандастырылған.
Шпанка крупная. Шиенің тез есетін мол өнімді сор-ты. Дәмді қызылшиеге ұқсайды. Қысқа тезімділігі жет-кіліксіз, айналасында жақсы қорғау алқабы болса ой-дағыдай өседі.
Владимирская. Орыстын байырғы шие сорты. Ағашы кысқа төзімді келеді. Жемісінің түсі қоңьір қызыл, тотті, еііімі орташа болады.
Плодородная Мичурина. Мол өнімді, қысқа тезімді шие сорты. Жемісінің дәмі жақсы. Әсіресе, солтүстік облыстар үшін қоланлы өсімдік.
Войлочная вишня. Шиенің ерте жеміс бёретін баға-лы сорты. Жеке турлерінің жемістері мейлінше ірі, дәм-ді болады. Әрбір тубі 80—100 килограмға дейін жеміс береді. Қыска төзімді. Жиілеткіш ретінде бағалы ағаш болып саналады, ейткені аласа болып өседі, ерте 3 жыл-дың ішіндс жеміс бере бастайды.
Рал ,,’кта)- Ә-алманың қара куііссі; е-үрық с,^іа™нбе*1 ашылды, оныц Іала . Vйесі жулдыз қүртын шығарады; *£*№« %есі жулдыз вдр-Пнһк-п қьістап шыңқан жұлдыз ^рт, з-алма ңар* х жері (жапы-
= да55 ?елікГоЛ^аІ^Ьта^ШжараДкаТТаН,аЦжапьІраҚ-
?^ғы ашыц көріиісі. ‘
рақ биттерікің әлсіз жапырақтарды түйреп нәрін сора-т.ын тұмсықтары болады, бұл тұмсықтармен жапырақ-тарды, жас шыбықтарды, жемістерді түйреп, олардың нәрін сорады.
Тіршілік эрекеті. Жапырақ биттерінін. көп түрлері-иің жүмыртқалары ғана қыстап қалады, бұл жұмырт-қаларды күзде ағаш бүгақтарына қанатты биттер салып кетеді
Көктемде жүмыртқалардан личинкалар жарып шы-ғып, жас балауса жапырақтарды сорады. Личинкалар есіп, түлеп, .өніп-өсуге бейімделеді. Өзінің 2—3 апталық өмірінде олар 20—40 личинка шығарады; 8—12 тәулік-те өсіп жетілген бүл личинкалар осындай жолмен кө-бейіп өсе береді. Бір жаз бойында жапырақ биті 10— 14 рет балалайды. Жапырақ биттері жас бүтақтарға қонып, нәрін сорады. Ақырында жапырақтар курап, жас бұтақтар бүралып қалады. Жапырақ биттері түскен шыбықтар курап қалады (15-сурет). Жапырақ биттері-иіц тәтті, жабысқақ нәжісі жапырақтардың ауа жүтуын қпындатады. Жапырақтар б_үл нәжістерге отырған man-Men баттасып, оларға күйс сияқты. саңырауқұлақтар өсе бастайды. Жапырақ биттерінс»қарсы күрес, оларды ал-ғашқы байқаған кезде жүргізілуі керек.
Күздс личинкалардын кейбіреулері қанатты үрғашы биттерге айналады да, кейбіреулері еркек бит болып шығады. Олар кейіннен өзара жүптасады (шағылыса-ды), үрғашылары жүмыртқа салады, сейтіп ересек бит-тер өліп жойылады да, жүмыртқалары қыстап қалады.
Күрес шаралары. Жапырақ биттері түскен есімдік-терге аралас улар бүркіледі: 4 процент сабын ерітінді-сі (бір литр суға 40 грамм сабын) немесе 0,2 процент-тік анабазин ертіндісіне сабынды екі есе артық қосып (бір литр суға 2 грамм алабазин 4 грамм сабын) бүркі-леді. Сондай-ақ темекі немесс алабазин суын қолдануға болады.
Жапырақ биттерінің қаншалықты шығуына (пайда болуына) қарай, бір маусымда бірнеше рет у шашу жүр-гізілсді.
ШЕКіЯДЕУІКТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ
Алма зиянкестері. Жеміс ағаштарының ішінде алма ағашына жеміс зиянкестерінің көп түрлері зиян ^елті-реді. Бүлардың ішінде ед қауіптісі төменде суреттеле-тін жеміс зиянкестерінін. жеті түрі болып табылады.
Алма күйесі. Алматы жеміс аймағында және Алма-
ты қаласында алма куйесі — алманын. негізгі зиянкесі. Алма күйесі Шымкент пен Жамбыл облысының таулы аудандарында да көп кездеседі.
Күйе жұлдызқұрты жапырақтарды жеп, ағаштарды әлсіретеді, сәйтіп жеміс өнімін азайтады; күйе жеген ағаштар келесі жылы да өнім бермейді.
Ересек күйе — кішкентай ғана көбелек (қанаттары-ның бір ұшыңан екінші ұшына дейінгі), үзындығы 22 миллиметр. Алдыңғы қанаттарының үстіңгі жағы ақ, әрбір қанатында 18—25-тен қара дақтары болады. Арт-қы қанаттары күлгін, арт жақ үШында кішкентай ша-шақшалары болады, артқы қанаттары дақсыз, бір түс-ті келеді.
Көбелек жаздың орта кезінде алма ағашының бү-тақтарына жұмыртқалайды; көбелек жұмыртқаларын жұқа қабықшақ тәрізді «қалқанмен» орап тастайды.
Жаздыгүні жүмыртқадан шыққан жүлдызқұрттар-дың қалқаны болады, сол- қалқанның астынан шықпай қыстап қалады. Қалқанның көлемі 2—4 миллиметрдей болады; әрбір қалқан астында 25^40 жүлдызқұрт қыс-тайды.
Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 15—20 миллиме-трге дейін жетеді. Ересек жұлдызқүрттар денесініқ тү-сі — сарғыш-ақтан бастап қара сұрға дейін келеді.
Долана көбелегі. Долана көбелегі Қазақстаниың -барлық аудандарында кездеседі. Бауларда долана кө-белегі көбінесе алмаға зиянын тигізеді, ал жаппай кө-, бейіп кеткен жылдары әр түрлі жеміс ағаштарының гүл-шешектері мен жапырақтарын да қажап жейді.
Бүл әр қанатьшың бір үшы мен екінші ұшының ара-лығы 60—70 миллиметрге дейін. жететін, қанаттарында күңгірт тамырлары бар ақ көбелек (16-сурет). Жүмырт-қалары ашық сары, 12—14 қырлы, шелмек^тәрізді бо-’ лады, долана көбелегі жүмыртқаларын әр уақытта топ-тап салады. Жүлдызқұртының түгі сирек, арқасында және бүйірлерінде үш қара жолағы және екі қызыл қоңыр жолағы бар, басы мен аяқтары қара болады. Ересек жұлдызқұрттың тұрқы 45 миллиметрге дейін жс-теді. Куыршағы буылдырыцқы қара нүктелі теңбілдері бар, ақсары келеді, денесініщ. ұзіывдығы 20 миллиметр.ге дейін жетеді.
Тіршілік эрекеті. Қішкентай жүлдызқүрттар өрмек-
ші торына оралған, кураи қалған жапырақтар ішінде
қыстап шығады, бүл жапырақтар күзде, жапырақтары
‘ түсіп жалаңаштаньш қалған ағзштардың бұтақтарыііда
айқын кврініп тұрады. Бұлар —дшкш-а көбелегінін, қыс-
ч-долана көбелегі; 6-жапырақтагы долана иөбелегінің үпыктаоы »™Р урьщтың жеке түрі керсетілген; в-долаііа көбелегінің ж^дыз вдптьг Д ^ІІЛеК ~ жалғыз !Іі.’бек ЧҮРТЫ — аналық түрі; Ө-көбелек — жілғыз жібек ңұрты — аталыд турі, жапырақтағы жалғыз HriGeK ңұртының бір түрі• е-бутақтагы алма битшің панды түрі; ж-алма жемісше түскен жеміс же-пш .жұлдыз кұрты; u-алмүрт бурге шіркейі; к-бүрге шіркей тускен ал-
қы ұялары, көктемде, жеміс бүршіктері жарыла баста-ған кезде жұлдызқұрттар оянып, өздерінің ұяларынан щығады, ашылған бүршіктермен, сонан кейін жапырақ- .. тармен, гүл шанағымен және гүлдермен қоректенеді, зиянкес аса көбейіп кеткен .кезде ағаштардың жапы-рақтарын мүлде жойып жібереді. Гүлдеу дәуірі аяқтал-ғанға дейін жүлдызқұрттар өсіп, алма ағаштары мен басқа ағаштардың немесе бұталардын. бүтақшаларына қуыршақтайды. Қуыршақтану дәуірі жарты айға со-зылады.
Июньнің орта шенінде, алма түйіндері үлкейген кез-де куыршақтардан көбелектер үшып шығады. Бұл кө-белектер екі аптаға дейін үшып жүреді. Сонан соң жүп-тасып (шағылысқа түседі), үрғашы көбелектер алма жапырақтарының үстіне 40—90 дан-адан топтап жұмырт-қалайды, 15 күннен кейін жұмыртқалардан жұлдызқұрт-тар жарып шығып, олар. сол бойда-ақ, жапырактармен қоректене бастайды. Олар 10—15 күн өмір сүреді, олар-дың зандары онша байқала қойманды. Сонан кейін жүл-дызкүрттар өздері жегсн 2—3 жапырақты және өзін қоса ермекші тормен шырмап, осы қалпында үйқыға еніп қыстап қалады.
Күрес шаралары. Долана көбелегінің ұялары күзде жапырақ түскеннен кейін, қыста және ағаштар бүршік жара бастағанға деиін, көктемде ағаштардан сыпырып алынып өртеледі. Көктемде жеміс бүршіктері жарыла • бастаған кезде ағаштар гүлдей бастағанға дейін долана кебелегі түскен ағаштарға гексахлоран немесе ішек уы дәрілері белгілі мөлшерде бүркіледі.
Қанды алма шіркейі. Бүл шіркей тек алма ағашта-рында ғана болады. Алма шіркейі Адматы облысында кездеседі.- Қазақстанның басқа облыстарында кездес-пейді. Қанды шіркейдің баска шіркейлерден айырмасы оның денесін ақ ұлпа жүн қаптап тұрады. Шіркейді сыққан кезде — қызыл коймалжың қан шығады. Сои-дықтан да оны қанды немесе жүндес шіркей деп атан-ды. Әдетте бүл шіркей топ-топ болып жүреді, топтасып жүрген шіркейлер ағаш қабығына жабысқан мақта сияқты <5олып көрінеді.
Тіршілік әрекеті. Шіркейлер ағаш қабығыныц жа-рықтарында және жараларында, бүтақтардыц сызатта* рында өмір сүреді. Әсіресе ағаш діңінен шығатын өгей бұтактарға әуес болады, алма ағаштардың тамыр жақ-тарында тіпті тамырларына жабысып тіршілік етеді. Ересек канатсыз үрғашы шіркейлер мен олардын. жұ-мыртқалары да осы жерде қыстайды. Шіркеіі ерте кек-
темнен бастап қыс түскенше бірнеше рет балалап, өте көбейгіш келеді. Шіркейлер ағаштың және оның қабы-ғының нәрін сорады, осының салдарынан бүтақтар буылдықтанып ісіп кетеді, өсімдік әлсірейді, ал шіркей-лер жабысқан тікше материалдар, көбінесе отырғызуға мүлдем жарамсыз болып қалады.
Күрес шаралары. Бұл шіркейдің қүпия өмір сүруі ■’(жер астындағы ағаш тамырларында болуы) және өніп-өскіштігі оған қарсы күрес жүргізуді қиындата түседі. Бұған күрестің биологиялық әдісін қолдану жақсы нә-тижелер береді. Бұл үшін өте үсақ паразит жәндік-.афе-линус қолданылады; мүның денесінің үзындығы 2,0 мм. Афелинус шіркей денесінін. ішіне еніп жүмыртқалайды, оның жүмыртқалары шіркей ішінде өмір сүріп, онын. денесінен коректенеді; сөйтіп ақырында шіркей өледі. Афелинус бір жаз ішінде 7—9 үрпаққа дейін көбейіп үлгіреді. Сейтіп шіркейдің 90 проценттен астамын жоя-ды. Бүдан өзге тікпе материалдарды — бромды метал-мен немесе цианды газ жіберіп фумигациялау қолда-нылады.
Афелинусты қолдануды, сондай-ақ тікпе материал-дарды фумигациялауды ҚазақССР Ауыл шаруашылық министрлігінің арнаулы баумен шүғылданатын маман-дары немесе онын, карантин лабораториясы жүргізеді.
Дачада, жеке үй іргесіндегі учаскелерде әрбір адам-ның өздері жүргізуіне де болады. Күрес шараларының комплексіне мыналар жатады:
а) жеміс бермейтін ағаштарға гексахлоран шашу; сонымен бірге ағаш астындағы жерге де гексахлоран шашылып, сонан соң топырақ күрекпен ауд-арыстыры-лады;
б) ағаштың шіркей бар жерлерін мазутпен май-лайды;
в) шіркей түскен ағаш тамырларына темекі қоқы-мын, әк немесе күл себеді;
г) көк бұтақтарға сабын араластырған анабазин сульфат шашады (1 литр суға 5 грам’нан сабын ара-ластырылады) немесе ДДТ, гексахлоран эмульсиясын бүркеді.
Бауда қанды шіркейдің бар екендігін _білген кезде бұл туралы дереу аудандық РАПО-ға хабарлау керек.
Алма құрты. Алма құрты деп аталатын бул зиянкес өте қауіпті. Бүл алма қүрты оңтүстік облыстарда көп кездеседі, ал Қазақстакның басқа бау өсіретін аудан-дарында аз кездеседі.
Алма қүрты қанатының бір ұшынан екінші ұшына
дейінгі аралығы 20—22 мм болатын ұсақ көбелек. Ал-дыңғы қанаттары көлденең кара ирек сызықтары бар, көгілдір түсті канаттарының жоғарғы жағында шағын қара теңбілдері болады. Арткы қанаттары бір «түсті қо-дыр келеді. Жұмыртқасң жалпақ-домалақ болады, жұл-дызқұрттың’ басы қоңыр, өзі қызыл болады. Денесінің ұзындығы 15—-20 мм жетеді, куыршағы қарынының шет жағында 8 түйір қылшығы бар қызыл қоңыр бо-лады.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: (23.04.2012)
Просмотров: 2279 | Комментарии: 3

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]