Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ


ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889—1931)

Қазақ жазба әдебиетінің жаңа жанрларьш қалыптастыруда үлкен еңбек сіңірген үздік талант Жүсіпбек Аймауытовтың рухани мүрасы бай да сан салалы. Өкінішке орай, туған халқының өмірлік мүдделері, әдебиеті мен өнері жолындағы оның аса күңды қаламгерлік, кайраткерлік қызметі кеңестік саясат тарапынан үлтшылдық ретіңде күстаналанып, күні кешеге дейін жабулы жат-ты. Сөйтіп, үлтымыздың бірнеше үрпағы Ж. Аймауытов сынды біртума сез зергерінің, ірі түлганың өзінен де, сөзінен де бейхабар болып келді.
Болашақ жазушы|.1889 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының жерінде шағын шаруалы, бірақ ынтымағы-берекесі болған өнегелі отбасында дүниеге келеді. Бүл шаңырақтың өмір-тіршілігінде дәулетті де атақты болған арғы аталарының да жақсы салт-дәстүрінің жүғыны жоқ емес-ті.
Әкесі Аймауыт домбыра тартады екен, балаларын да үл-қыз демей, 4—5 жасынан осы өнерге үйретіпті. Ал анасы Бәтиманың өз жанынан елең шығаратын ақындығы болыпты. Екі әпкесі өлеңші, әнші екен, інілері: Ақат пен Жүсіпбекке алғаш ән, өлең айтуды үйреткен солар. Үлкені үзатылатын күрбы қыздарына қоштасу өлеңдерін шығарып беріп, оны хатқа түсіріп сақтаган. Оның үстіне бір сандық қиссалары, өлең кітаптары болыпты. Әкелері қыстың үзақ кештерінде соларды үл-қыздарына кезекпен оқытып отырады екен.
Жүсіпбек хатты ауылдағы өзі қүрбы балалардан ерте таныған. Еті тірі, алғыр бала әрі қарай өздігінен талаптанып, бірнеше молда, имам-қажылардың алдын көріп, едәуір білім жинайды.
Біраз уақыт бала оқытып, молдалық жасайды. Әнші, домбы-рашылыққа қоса, ағашшылық, етікшілік ісмерлігін де жақсы игеріп алады.
Есіл-дерті оқу болған Жүсіпбек өз бетімен 1907 жылы Баян-ауылға барып, орыс мектебіне түсіп, бір жылда екі бөлімін бітіреді де, келесі жылы Керекудегі ауыл шаруашылық мектебіне түседі, бірақ онда 2—3 ай оқығаннан кейін, мектептегі жосықсыздыққа қарсы көтерілгендердің арасыңда болғаны үшін, оқудан шығарылады. Одан кейін аз уақыт ауылда бала оқытып, екі жылдай Керекудегі орыс-қазақ мектебінде оқып, 25 жасында Се-мейдегі мүғалімдер семинариясына барып түседі, оны 1919 жылы бітіреді. Сол жыддары ол "Алаш" партиясына кіріп, оның даңқты басшыларымен танысады. "Абай" журналын шығарысады. Кейін кеңес жүмысына араласады. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің сьезіне делегат болып қатысып, сол жолы халық ағарту комисса-рының орынбасары болып белгіленеді. Одан кейін Семей губерния-лық оқу бөлімінің бастығы, "Қазақ тілі" газетінің редакторы кызметін атқарып, Ташкенте шығатын "Ақ жол" газетінде істейді. 1926—29-жылдары Шымкент педагогика техникумының директрры болады. 1929 жылы "Үлтшылдық үйыммен байланысы бар" деген жаламен камауға алынып, 1931 жылы 42-ге аяқ басқан қыршын жасында жазықсыздан-жазықсыз атылып кете барады.
Жүсіпбектің өз айтуынша, түңғыш өлеңін 13 жасында шығарып (оны қойған жерінен көріп окыған әкесі маңдайынан иіскепті, риза болғаны да баяғы), одан кейін өлеңге 19—20 жастарында қайта
оралып, өндіре жазған.
Ж. Аймауытов — шығармашылық еңбектің алуан түрлі сала-сында мол мүра қалдырған әмбебап қаламгер. Ол — шабытты акын, ондаған тартымды әңгімелер мен "Күнікейдің жазыгы" атты тамаша повесть, қазақ әдебиетіндегі шьш мәніндегі түңғыш роман-дар болып табылатын "Ақбілек", "Қартқожа" сияқты көркемдігі жоғары прозалық кесек туьшдылар берген жазушы, ондаған пьеса жазған драматург, "Мағжанның акындығы туралы" атгы заманы-нан бойы озық мақала-зерттеулер жазған сыншы, Шекспир, Н. Гоголь, А. Дюма бастаған ондаған әлем классиктерін, жебішенді оқымыстьшың жүрегі дауаламайтын әр түрлі ғылым саласына жататын іргелі кітаптарды қазақша шебер сөйлеткен майталман аудармашы, кеңестік Шығыста бірінші болып, "Психо-логия", "Жан жүйесі және енер таңдау" сияқты іргелі зерттеу еңбектерін жазған ғалым, өз кезінің кекейкесті мәселелерін те-реңнен толғап, үн қосып отырған жалынды публицист.
Үнемі әділетсіз, дерекі сынға душар болып, жәбір-жапасы кеп, жайсыз ғүмыр кешкен, қызметі мен мекен-түрағын да жиі ауысты-рып отырған жазушының небары он жылдың айналасында осын-шама қыруар әрі күнды туындылар берген қайсар дарын, кажымас жігері қайран қаларльгқтай.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin (19.02.2011)
Просмотров: 4479

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]