Шәді Жәңгірұлы - Қазақ әдебиеті - Рефераты на казахском языке - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Шәді Жәңгірұлы


Оңтүстік Қазақстанның, Созақ өңіріндегі Құмкент ауылында туып, Өзбекстанның Қаратөбе деген жерінде дүние салған. Шешесі Мәуіті әнші, күйші, өлеңші болыпты.Шаян медресесінде оқып жүргенде Шығыс сюжетіндегі қисса-хикаяттармен танысып, өзі де оған еліктеп дастандар шығарады, айтыстарға қатысады. Майлықожа, Құлыншақ, Мәделі тәрізді ақындарды ұстаз тұтады. Ташкент, Бұхара медреселерінде оқып, білімін толықтырады. Шәкірт кезінде Фирдоуси, Жәми, Низами шығармаларымен, өзбектің, тәжіктің демократ ақындары Зауки, Фурқат, Дониш өлеңдерімен танысты. Орта Азияның қалаларын, қыстақтарын аралайды. Шәді Шығыстың көптеген ертегі-аңыздарын, жинақтарын нәзира түрінде жырлап, оларды Ташкент, Қазан, Орынбор баспаханаларынан кітап етіп шығарған. Олардың ішінде «Төрт дәруіш», «Хикаят Камарзаман», «Хатымтайдың хикаясы», «Хикаят Орқа-Күлше», «Хикаят халифа һарон-ар Рашид», т.б. қисса-дастандар да бар. «Тарихнама» атты дастаны қолжазба күйінде сақталған. Ақын А.С Пушкин поэмаларының сюжетін де еркін аударып жырлаған («Полтаваның соғысын Пушкиннің бәйіт қылғаны»).

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Аслан (13.02.2011)
Просмотров: 411

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]