Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Үмбетей Жырау


Әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіреші, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік дәулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі - өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болады. Ақындық қабілеті ерте байқалған ол ауылдастарының, кейде, тіпті, ағайын-туғандарының теріс істерін әшкерелеген өткір тілді өлеңдердің авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Уақыт оза келе философиялық-дидактикалық толғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналады. Және осы реттегі жырлары оған үлкен даңқ әкеледі.Қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Аслан (13.02.2011)
Просмотров: 2321 | Комментарии: 1

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]