Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Асан Қайғы


Асан Қайғы - жырау, ойшыл, абыз. Ол шамамен XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХV ғасырдың ортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал тағы бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді. Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде ол Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ Ордасын құрған Керей хан мен Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.
Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып "адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін" мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау "Жерұйық" деп атады.
Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыптысын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың толғауларының бірнешеуі әз-Жәнібек ханға арналған. Ертеңгі халық болашағын Жөнібектің ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin (19.02.2011)
Просмотров: 1597 | Комментарии: 1

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]