Жер тобының ғаламшарлары - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Жер тобының ғаламшарлары
06.03.2011, 16:03
Жер тобының ғаламшарлары [23 бет]

Өздерінің физикалық сипаттарына қарай ғаламшарлар — Жер тобы ғаламшарлары және алып ғаламшарлар деп екі топқа бөлінеді. Біз екі топтағы ғаламшарлардың да негізгі ерекшеліктеріне шолу береміз, оның негізінде сендер әрбір ғаламшарларға сипаттама бере алатын боласыңдар.
1. Жер тобы ғаламшарларының жалпы сипаттамасы. Жер тобына жататын ғаламшарлар — Меркурай (36-сурет), Шолпан (37-сурет), Жер (38-сурет), Марс (39-сурет) — олардың көлемдері мен массалары үлкен емес (VI қосымшаны қар.), бұл ғаламшарлардың орташа тығыздықтары судың тығыздығынан бірнеше есе асып түседі; олар өз осьтерінен баяу айналады; олардың серіктері де аз (Меркурий мен Шолпанда мүлдем жоқ, Марста — екі кішкентай, ал Жерде — біреу).
Жер тобы ғаламшарларының ұқсастықтарымен қатар шамалы айырмашылықтары да бар. Мысалы, өзге ғаламшарлармен салыстырғанда Шолпан өзінің осінен Күнді айнала қозғалатын өз бағытына қарама-қарсы бағытта, әрі ол Жерден 243 есе баяу айналады (Шолпандағы жыл мен тәулік ұзақтығын салыстырыңдар). Меркурийдің Күнді айнала қозғалу периодын (яғни бұл ғаламшардың жылы) оның өз осінен айналу периодынан (жұлдыздарға қатысты алғанда) 1/3-ге ғана ұзақ. Жер мен Марс осьтерінің олардың орбиталары жазықтығына ауытқу бұрыштары шамамен бірдей, ал Меркурий мен Шолпан тіптен басқаша. Ал бұл жыл мезгілдерінің алмасуы сипатын анықтайтын себептердің бірі екенін сендер білесіңдер. Олай болса Жердегі сияқты жыл мезгілдері Марста да бар (әрине, ондағы әрбір жыл мезгілі Жердегіге қарағанда екі еседей ұзағырақ).
Бірқатар физикалық сипаттарына қарағанда Күн жүйесіндегі 9 ғаламшардың ішіндегі ең кішісі — алыстағы Плутон да Жер тобы ғаламшарларына жатуы ғажап емес. Плутонның орташа диаметрі — 2260 км. Плутонның серігі — Харонның диаметрі одан екі есе кіші. Сондықтан да ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1012 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]