Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Жастардың еңбек саласындағы ролі
03.03.2011, 12:09
Жастардың еңбек саласындағы ролі [7 бет]
ХХІ ғасырды дарынды және еңбекқор жастардың ғасыры деп еш күмансыз айта аламыз. Жастар ғана белсенді өмірге қадам баса отырып, өз елін, жанұясын қорғауды үлкен жауапкершілікке алады. Жаңа қоғамдағы тенденциялар, жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиесіне қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау табу жастар саясатын құруда сапалы қадамдарды талап етеді. Осыған орай, бүгінгі күні жастар саясаты жас ұрпақты қоғамға әлеуметтік интеграциялаудың ең басты механизмі болып табылады.

Қазақстандағы жастар саясатының негізгі мақсаты жастарға қоғамдық және мемлекеттік қолдау көрсету арқылы әлеуметтік жағдай жасау, жастарды әлеуметтік қорғау, оның шығармашылық белсенділігін, қабілетін, бейімділігін, сонымен қатар өзінөзі дамытуын қалыптастыру. Әлеуметтену процесі барысындағы жастардың жиі ұшырасатын қиындықтарын болдырмас үшін жастар саясатын жүйелі өткізу қажет.
Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топқа жата отырып, қамқорлық жасында бола отырып ең аз баспанамен қамтылғандар қатарына жатады. Осы проблемалардың барлығы қысқа және ұзақ мерзімдік перспективада барлық деңгейдегі жастардың белсенді азаматтық өзін-өзі тануын тәрбиелеу, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенділіктерін арттыруға бағытталған жастардың инициативасын қолдау үшін мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптасыруды талап етеді.
Жастарды әлеуметтік-экономикалық өзін-өзі дағдыландырудың негізінде жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың негізгі өлшеміне бүгінгі нарықтық қатынастың жағдайына икемдей отырып, олардың кәсіби деңгейін қалыптастыруы жолында жеке кәсіпкерлікті дамыту жатқызылады. Осыған байланысты бизнес-орталықтарын құру, жастардың білім алуы мен несие алулары бойынша шұғыл жобаларын жасау қажет. Жастарды жұмыспен қамту мәселесінің басты шешімі сапалы білім мен жастардың елдегі ғылыми-оқу процестеріне белсенді қатысуы болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмыспен қамту аумағына төмендегідей бағыттарды ұсынады
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 341 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]