Жарықтың интерференциясы - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Жарықтың интерференциясы
06.03.2011, 16:02
Жарықтың интерференциясы [3 бет]

Егер жарық – толқындар ағыны болып табылатын болса, онда жарықтың интерференция құбылысы байқалуы тиіс. Бір-біріне тәуелсіз екі жарық көзін, мысалы, электр шамын, пайдаланып интерференциялық көріністі (жарықтаудың максимумы мен минимумының алмасып кезектксуін) шығарып алуға болмайды. Тағы бір шамды жаққанда беттің жарықталуы ғана күшейеді, бірақ жарықталудың максимумы мен минимумының кезектесуі жағдайын туғызбайды.
Не себепті бұлай болатынын және қандай жағдайларда жарықтың интерференция құбылысы байқалатынын айқындайық.
Жарық толқындарының когеренттік шарты. Мұның себебі алуан түрлі жарық әр түрлі жарық көзі шығаратын толқындардың бір-бірімен үйлеспейтіндігінде. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін үйлесімді толқындар болуы қажет. Олардың толқын ұзындықтары бірдей және кеңістіктің кез келген нүктесіндегі фазалар айырымы тұрақты болуы қажет. Толқын ұзындықтары бірдей және фазалар айырымы тұрақты болып келетін мұндай үйлесімді толқындарды когерентті толқындар деп аталады. Екі жарық көзінен ұзындықтары бірдей дкрлік жарық толқындарын шығарып алу қиын емес. Ол үшін толқын ұзындықтарын аса қысқа интервалмен жіберіп тұратын жақсы жарық сүзгісін пайдалану әбден жеткілікті. Алайда бір-біріне тәуелсіз екі жарық көзінен шыққан жарық толқындарының фазалар айырымының тұрақты болуын жүзеге асыру мүмкін емес. Жарық көзі атомдары жарықты бір-біріне тәуелсіз ұзындығы бір метрдей синус-ойдалық толқындардың жеке-жеке «үзіктері» (цугалар) түрінде шығарып таратады. Екі көзден шыққан толқындардың үзіктері бірінің үстіне бірі келіп түседі. Осының нәтижесінде кеңістің кез келген нүктесіндегі тербелістер амплетудасы уақыт өтумен, дәл осы мезетте әр түрлі жарық көзінен шыққан толқындардың үзіктері бір-біріне қатысты фаза бойынша қалай ығысқанына байланысты құбылып, өзгеріп отырады. әр түрлі жарық көзінен шыққан толқындар, олардың фазалар айырымы тұрақты...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 721 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]