Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Жапония
19.02.2011, 17:50
Жапония [9 бет]
Ауданы 377,8 мың кв км.
Тұрғындары 125,8 млн адам.
Жалпы ішкі өнімі 2 триллион 652 млрд доллар.
1- тұрғынға есептегендегі жіө- 30,7 мың доллар.
Әлемдегі АҚШ- тан кейінгі екінші орын.
1. Географиялық және геосаяси жағдайы.
Жапония Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, аралда орналасқан ел. Архипелагтың құрамына Хонсю, Хоккайда, Кюсю, Сикоку аралдары және 4 мыңға жуық шағын аралдар кіреді. Жапон аралдары солтүстік- шығыстан оңтүстік- батысқа 3,5 мың км- ге созылып жатыр. Елдің солтүстігін Охот теңізі, шығысымен- оңтүстік шығысын Тынық мұхит, батысында Жапон және Шығыс Қытай теңізі алып жатыр. Архипелагтың оңтүстігінде Хонсю, Сикоку және Кюсю аралдарының арасында ішкі Жапон теңізі орналасқан. Жалпы Жопонияны қоршап жатқан теңіздер қыста қатпайды. Соған байланысты балық аулау жыл бойы үздіксіз жүргізіледі
Жапония теңіздік суларында 12 мильдік аймақтан басқа 200 мильдік экономикалық аймаққа ие. Оның жалпы көлемі 3,918 млн кв км немесе елдің ауданынан 10 есе үлкен. Жапонияның барлық аралдарының жағалауының ұзындығы 32 мың км. Аралдарда шығынақтар, қойнаулар өте көп. Жапония Тынық мұхитқа шығатын ыңғайлы теңіз коммуникациясына ие.
Жапонияның геосаяси жағдайын тиімді деп айтуға болады. Олардың негізгілері: Еуразия континентіне әсіресе Қытайға жақын орналасқан. Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен экономикалық қарым- қатынас жасауға тиімді. Осы жағдай жапонияға энергияны, материалды көп қажет ететін экологиялық лас өндірістерді көрші елдерге орналастыруға мүмкіндік береді. Осы аймақта Жапония АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен тығыз экономикалық қатынас жасайтын жалғыз ел.

Табиғи жағдайы мен қорлары
Жапонияның аумағының 75- 80 %- н теңіз деңгейінен биіктігі 3 мың метрге дейін болатын тау алып жатыр. Ең биік тау Фудзияманың биіктігі 3776 метр, қиғаштығы 15°- тан жоғары болған себепті шаруашылыққа пайдалану тиімсіз және жапон тауларында 150- ге жуық вулкан болса, оның 15- і сөнбеген. Жазық алқаптар аз ,ел астанасы орналасқан үлкен жазықтың ауданы - 13 мың кв. км. Жер тапшылығына байланысты теңіз жағасындағы жерлер игеріліп жасанды аралдар жасалуда. Жапонияның жер бедерінің қалыптасуы әлі де жүріп жатыр. Соған байланысты жылына 1500- ге жуық жер сілкінеді.
Жапонияның климаты шаруашылық үшін тиімді. Климаттың қалыптасуына муссондардың ықпалы зор. Олар жазда мол жауын- шашын әкеліп қардың көп түсуіне себепші болады. Климаттың қалыптасуына Куросио жылы ағысы мен Оясио салқын ағысы әсер етеді. Жапонияның климаты муссондық теңіздік бола тұрып, солтүстігінде қоңыржайдан оңтүстігінде тропиктікке дейін өзгереді. Мысалы, Хоккайда аралында қыстық орташа t-ы – 9- 11°С, жазда + 15 +20°С-і, ал Рюкю аралында қыстың орташа t-ы +16 +18°С, жаздың орташа t-ы +26 +28°С. Жалпы жылына шамамен 1700- 2000 мм ылғал түседі. Солтүстіктегі Хоккайда аралында шамамен 800 мм, Рюкю аралында 3- мың мм- ден артық. Осындай климат әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге тиімді. Оңтүстік аралдарда күріштен жылына 2- 3 өнім алады. Шай, цитрус дақылдары, жүзім Жапонияның көп жерлерінде өсіріледі.
Жапонияда өзендер көп. Бірақ олардың ұзындығы 300 км- ден аспайды.
Ең ұзын өзен Синано- Хонсю аралында ұзындығы 367 км, Жапон...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1665 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.2/14
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]