ЖАЛПЫ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ
06.03.2011, 16:25
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ [10 бет]

Масса - бөлшектiң күйi өзгерген кездегi оның гравитациялық тартылуын немесе инерттiлiгiн сипаттайтын қасиетi.
Массаның атомдық бiрлiгi (м.а.б.) немесе көмiртектiк бiрлiк – 1/12 көмiртегiнiң - 12 изотопының массасы: 1 м.а.б. = 1,6605710-24г. Тәжрибелiк есептеулер жүргiзгенде химияда массаның абсолюттiк мәнiн емес көмiртектiк бiрлiкпен өлшенетiн атомдық массаның бiрлiгi – салыстырмалы масса қолданылады.
Салыстырмалы атомдық масса – белгiлi бiр элемент атомының массасы көмiртектiк бiрлiк массасынан неше есе артыо екенiн көрсетедi. Элементтер изотоптардың қоспасын құрайды, сондықтан Д.И.Менделевтiң кестесiнде көрсетiлген элемент атомының массасы элементтiң табиғаттағы изотоптарының атомдық массаларының орташа мәнi.
Салыстырмалы молекулалық масса – молекула массасы көмiртектiк бiрлiктен неше есе үлкен екендiгiн көрсететiн сан. Молекулалық масса сол молекуланың құрамына кiретiн барлық элемент атомдарының массаларының қосындысына тең.
Моль – 12 г. көмiртегi – 12 изотопында қанша құрылымдық бiрлiктер болса, сонша бiрлiктi құрайтын зат мөлшерi.
Заттың құрылымдық бiрлiгi - химиялық бөлшек (атом, молекула, ион), сонымен қатар формуламен берiлетiн бөлшектер жиынтығы.
Зат массасының сақталу заңы – (М.В.Ломоносов, 1748, А.Л.Лавуазье, 1789): әрекеттесушi, яғни реакцияларға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесiнде түзiлетiн зат массасына тең болады.
Зат құрамының тұрақтылық заңы – (Ж.Л.Пруст,1799): алыну әдiсiне қарамастан әрбiр заттың құрамы ( қасиетi) тұрақты болады.
Авогадро заңы - (А.Авогадро,1811, С.Канницаро,1858): бiрдей жағдайдағы (температура және қысымда) әртүрлi газдардың тең көлемдерiндегi молекула сандары бiрдей болады.

Молекулалық және атомдық массаны анықтау тәсiлдерi
1. Газдардың молекулалық массасын берiлген көлем арқылы анықтау:
Авогадро заңынан шығатын салдар:
а) бiрдей жағдайда әртүрлi газдардың бiрдей мөлшерi бiрдей көлем алады;
б) қалыпты жағдайда (қ.ж.) температура Т=273,15 K (0OC), қысым P=1,01325  10-24Па (P=1 атм, P=760 мм с.б.) кез келген газдың 1 молi 22,4 л. көлем алады.
2. Газдардың молекулалық массаларын салыстырмалы тығыздық арқылы анықтау
Авогадро заңы. Бiрдей жағдайда әртүрлi газдардың бiрдей көлемдерiндегi молекулалар саны бiрдей болады. nH =nO ; VH = VO

;
Тең көлемдегi бiрдей жағдайда алынған газдардың массаларының қатынасы бiрiншi газдың екiншi газ бойынша салыстырмалы тығыздығы деп аталады.
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1090 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.2/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]