Жүнді жіктеу және стандарттау - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Жүнді жіктеу және стандарттау
03.03.2011, 12:20
Жүнді жіктеу және стандарттау [14 бет]

Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады. Жүннен тоқылған, бірақ киілген бұйымдар мен тоқымаларды өңдеуден алынған жүн де табиғи жүнге жатады, бірақ ескі немесе қалпына келтірілген жүн деп аталады. Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр, кендір, жүт, кенеп және басқа да өсімдік текті талшықтарды, сондай-ақ химия өнеркәсібі жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды пайдаланады.
Жүн — терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс — кератиннен тұрады. Жүн кератинінің ерекшелігі мынада: онда басқа белоктардағыға қарағанда күкірттің мөлшері едәуір көп болады.
Жүн эмбрионалдық кезеңде-ақ қалыптаса бастайды. 60—70 күндік эмбрионның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы пайда болады. Оны бірінші реттік және екінші реттік фолликулалар деп бөледі. Жүні әркелкі болып келетін қойдың бірінші реттік фолликуласынан қылтық, сондай-ақ аралық немесе өлі жүн өсіп жетіледі, ал биязы жүнді қойларда одан — неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі. Бірінші реттік фолликула түзілуден бірнеше күн өткен соң екінші реттік фолликула пайда болады. Шағын өлшемді болып келетін екінші реттік фолликуладан неғұрлым жіңішке түбіт талшықтар өсіп шығады. Қозы туғаннан кейін теріде жаңадан фолликулалар түзілмейді.
Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 538 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]