Қышқылдар мен негіздер - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қышқылдар мен негіздер
06.03.2011, 16:31
Қышқылдар мен негіздер [10 бет]

Р.Бойль химияға қышқылдар мен негіздер жайлы түсінікті енгізген болатын. Ол кездегі қышқылдар мен негіздердің анықтамасы олардың қасиетін тікелей көруге, байқауға оны баяндай айтуға (түсі, түрі, бояуы, дәмі және т.б.) негізделді. Сулы ерітіндідегі электролиттік диссоцация құбылысының ашылуы келесі анықтаманы (Аррениус бойынша) қабылдау керектігіне әкеледі.
- қышқылдар деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде оң зарядталған иондардан тек сутек ионын Н+ ғана түзетін қосылыстарды айтады (мысалы, H2SO4, HBr, H3PO4 және т.б. )
- негіздер деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде теріс зарядталған иондардан тек гидроксид – ионын ОН- ғана түзетін қосылыстарды айтады (мысалы, KOH, Ba (OH)2 Fe (OH)3 және т.б.)
Жалпы химия ғылымының дамуы заттардың сусыз ерітіндісінде өтетін процестерді түсіндірудің қажеттілігін талап етті. Мысалы, сулы ерітіндіде өзін тұз ретінде ұстайтын, аммоний хлориді сұйық аммиакта ерігенде қышқыл қасиетін көрсетіп, өзінде металдарды ерітіп, онымен әрекеттесіп, сутекті ығыстыра бөледі. Мұндай құбылыстарды Аррениустың электролиттік диссоцация теориясы негізінде түсіндіруге тмүмкінді болмай қалды. Бұған орай қышқылдар мен негіздер анықтамасы қайтадан қарастыла басталды.
1923ж И. Бренстед қышқылдар мен негіздердің протондық теориясын ұсынды, оған сәйкестік бойынша:
- Қышқыл - берілген реакцияда протондыбөліп шығартын зат;
- негіз – берілген реакцияда протонды қосып алуға қабілетті зат.

Протонды бөлетін кез келген реакция теңдеумен өрнектеледі.
қышқыл→негіз + Н+
Мұндай процестің қышқылы мен негіздері орайластар деп аталады. Қышқылды – негіздік қасиеттер сандық тұрғыдан протондық ынтылықпен немесе энергиямен сипатталады, ал энергия молекулаға не ионға протон қосылғанда бөлінеді.
Бұл ұсыныс түріндегі көзқарас аммактың негізгі қасиеттерін түсіндіреді, ол азот атомындағы бөлінбеген электрондар жұбы есебінен қышқылдар мен әрекеттескенде, протонды қабылдайды да донорлы – акцепторлық механизм бойынша аммони й ионын түзеді:
HNO3 + NH3↔NH4+ + NO-3
қыш нег қыш нег
Міне, осылайша қышқылдар мен негіздерден әрқашанда жаңа орайлас қышқылдар мен негіз алынады
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1907 | Загрузок: 0 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 3.1/11
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]