Ғылымның тарихи-әлеуметтік жағдайлары - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Ғылымның тарихи-әлеуметтік жағдайлары
06.03.2011, 16:16
Ғылымның тарихи-әлеуметтік жағдайлары [6 бет]

Ғылым пайда болғаннан бергі 2,5 мың жыл бойы ол ұдайы дамуда, өйткені ол адамның үздіксіз дүниетану процесінің, бүгін білмегенді ертең білуге бағытталған практикалық іс әрекетінің нәтижесі, қорытындысы. Ғылым мазмұны жағынан тереңдей түсіп, көлемі жағынан ұлғая түседі. Бірақ ғылымның даму процесі әрдайым біркелкі жүре бермейді: білім кейде инемен құдық қазғандай там-тұмдап жинақталса, ал енді бірде бұған дейінгі дүние жайлы көзқарасты, түсінікті мүлдем өзгертетіндей жаңалық ашып, түбірлі сапалық өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Ғылымның пайда болуы біздің эрамызға (дәуірімізге) дейінгі УІ-У ғғ. деп есептеледі, өйткені оның тууына қажетті тарихи-әлеуметтік жағдайлар осы кезде қалыптасты — осы кезде Ертедегі Грецияда алғашқы теориялық системалар (Фалес, Демокритгің т.б. ілімі) туды, ал теориялық системалар бұған дейінгі мифологиялық түсініктердің негізсіздігін көрсетіп, ғылыми білімдерге жол ашты. Ғылымның тууы үшін, сонымен қатар, материалдық өндірістің жоғары деңгейде дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгерісі, дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегін бір-бірінен бөліп тастап, ғылыми еңбекпен арнайы айналысатын адамдар тобының пайда болуы қажет еді. Сол кезден бергі ғылым тарихы оның дамуының бірқатар жалпы заңдылықтары мен логикасын ашып берді.
Ғылым дамуының XX ғ. дейінгі сипаттамасынан, түсінігінен қазіргі заманғы түсініктің елеулі айырмашылығы бар. Бұрын ғылымда ғылыми білім үздіксіз осіп, жиналады, жаңа ғылыми жаңалықтар ұдайы жинақтала отырып, табиғатты танып білудің түрлі бағыттарына аса күшті әсер етуі тиіс деп қарайтын. Ал казір ғылымның даму логикасы басқаша екені анықталды: ғылым жаңа фактілер мен идеялардың үздіксіз жинақталуы нәтижесінде ғана күн сайын дамымайды, табиғат жайлы бұған дейінгі көзқарасты, түсініктерді түбірінен өзгертетін аса ірі теориялық жаңалықтар ашылуына байланысты дамиды екен. Сонда жайлап жүріп ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 283 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]