Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Құқық қорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
21.02.2011, 03:10
Құқық қорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер [11 бет]
Құқыққорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күш-құралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелініс жағдайына жиі алып келеді. Аталған шиеліністер себептердің қарама-қайшылық бағыттылығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда болған көзқарастарын, алыс және жақын мақсаттың біреуін, үлкен және одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.
Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі мынада - белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттің басқа біп норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды орындағысы келмейтінінде де емес, мәселе - осы талаптардың бір-біріне қайшы келмеуін болдырмаудың қажеттігінде.
Мысалға, құқыққорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.
Құқыққорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеліністердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеліністерді атауға болады. Сыртқы шиеліністер адамдар арасындағы адамгершілік шиелінстер ретінде көрініс табады (тұлға-қоғам, тұлға-топ, тұлға-тұлға, топ-топ, топ-қоғам). Олар жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт-бағдарының қайшы келуін білдіреді.
Ал ішкі шиеліністердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болуы табылады.
Бірқатар жағдайларда ішкі шиеліністі шешу сыртқы шиеліністің пайда болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқыққорғау органдарымен құпия негізде одақтасуы, оның ішкі шиелінісін жеңудің негізінде жүзеге ...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 329 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]