Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Венера планетасы жөніндегі тарихи деректер
06.03.2011, 15:59
Венера планетасы жөніндегі тарихи деректер [14 бет]

Планеталардың ішінен өзінің жарықтылығымен ерекшеленетін тіпті күндіз де көрінетін планета бар, ол қазіргі астрономияда Венера деп аталатын планета болып табылады.
Вавилондықтар бұл планетаны аспанның жарық факелі деп, оны құдайлар анасы Иштар атымен атаған. Бұл планетаның әдемілігімен байланыстырып, көптеген халық оны әйел затына теңеген. Қытайда оны Тай- Пи немесе айдай сұлу деп атаған. Ал Римдіктер махаббат пен сұлулық құдайы мәртебесіне орай оны Венера деп атын қойған. [1]
Дагистанда тұратын түркі тілдес құмықтар Венераны Танг Чолпан немесе Ярык Юлдыз деп атаған. Құмықтардың халық өлеңдерінде:

«Ярык Юлдыз ерге айналмай, Танг аьлмас,
Бир агьаргьан акь сакьаллар дагьы кьаралмас».

Ал Орыс халқы Венера планетасын Чигирь деп атаған. «Чигирь» - деген батып шығатын таң ертенгі жұлдыз мағанасын береді. Оның екінші аты Денница. Мысалы:

«Блеснет заутра луч Денница
И заиграет яркий днеь...»

Ежелгі римдік ақыны Лукрецийдің «О природе вещей» атты өлеңі Венераның сұлулығының бір қырын ашты:

Рода Энеева мать, людей и бессмартных услада,
О, благая Венера!
Под небом скользящих созвездий
Жизнью ты пополняешь и все судносное море,
И плодородные земли; тобою все сущие твари, родившися
Жить начинают и свет солнечный видят.
Ветры, богиния, бегут перед тобою; с твоим приближением
Гучи уходят с небес, Земля – искусница пыщный
Стелет цветочный ковер, улыбаются волны морские,
Инебесводе лазурь сияет разлившимся светом. [39]

Қазақтар Таң жұлдызы немесе Таң шолпан деп атаған. Кейде қазақта « Шолпан туа түнектегі керуен де көшеді.» деген. Сондықтан оған Керуен жұлдызы деген ат та танылған. Қазақтар арасында да Күн мен Айдан кейінгі ең қадірлі шырақ таң Шолпаны. Ел аузында Ай мен Күн үзенгілес жүретін болса, Венера Аймен тетелес келеді. Қазақ халқының поэзиясында Венера жөніндегі өлеңдер көп кездеседі
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 391 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]