Тілді дамытудың алғашқы сатысы - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Тілді дамытудың алғашқы сатысы
03.03.2011, 12:37
Тілді дамытудың алғашқы сатысы [16 бет]
Тіл дамытуда бала ауызекі сөйлеуді пайдалана бастайды, сөздің мағынасын түсініп, грамматика ережелерін, көптеген мәдениеттерді меңгереді, уақыт өте келе оқуға және жазуға үйренеді. Тілді дамыту екі түрде жүреді.
Пассивті сөйлеу – бұл айтылған немесе жазылған сөздер мен сөйлемдерді түсіну. Ал белсенді сөйлеу термині тұлғаның жазған сөзі мен сөйлемін айту, яғни ауызша немесе жазбаша сөйлеуді білдіреді.
Ағылшын тілді американдық отбасындағы баланың пассивті сөздік қорындағы алғашқы сөздер мыналар: «мама», «папа», баланың өз есімі, «ку-ку», «бай-бай», «жеймін» және «жоқ». 8 айлығында балалар бұл сөздерді түсіне бастайды. Балалардың белсенді сөздерінің алғашқысы «мама», «папа», «hi» (сәлем), «bye» (сау бол), «ай-ай-ай» болып келеді. Көптеген балалр бұл сөздерді 14 айлығына қарай айта бастайды. Сөзді түсінудің дамуы мен оны айта білуі бір мезгілде жүреді., бірақ кейде түсінудің дамуы белсенді сөйлеуден біршама алда дамиды. Мысалы, анасы 14 айлық балаға: «Асханаға барып, печенье алып кел» десе, сәби печеньені алып келеді, бірақ өзі бұндай ұзақ сөйлемді де, «печенье алып кел» деген сөз тіркесін де айта алмайды. Адамның бүкіл өмір жолында оның пассивтік сөздік қоры белсендіге қарағанда көлемі жағынан үлкен болып келеді, себебі біз өз қолданысымыздағыдан да көп сөз білеміз.
Сөйлеуге дейінгі кезең. Сөйлеу жаңа туылған сәбидің іңгалап жылауынан басталады. Содан кейін сәби түрлі айқай мен жылау жүйесін, басқа да қарым-қатынаста тіл табысу құралдарын ойлап табады, оны бала туылғаннан кейінгі бірнеше айлар бойы анасы мен балаға қамқорлық жасайтын ересектер түсініп, ажырата алады. 6 апта толғанда бала гуілдей бастайды.
Пассивті сөйлеу бойынша 1 айлық сәби «lip», «lap» ([lip],[laеp],) сияқты тіл дыбыстары арасындағы елеусіз айырмашылықтарды байқай алатынын классикалық зерттеу көрсетті. Сонымен қатар олардың дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алатыны да байқалды. Алайда шала туылған балаларға жүргізілген заманауй зерттеулер жүктіліктің үшінші жартысында құрсақтағы сәбидің бірнеше тіл дыбыстарын ажырата алатынын көрсетті. Мари Чеур-Лутанен мен оның әріптестерінің пікірінше, бұл
...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 237 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]