Тіл ерекшелігі - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Тіл ерекшелігі
03.03.2011, 12:36
Тіл ерекшелігі [19 бет]

Зерттеуге негіз болып отырған нысан -1917-1930 жылдары Ауған мен Иранға ауа көшіп, сол жерді сексен жылға жуық мекен етіп, 1993 жыддан бастап туған Отаны Қазақстанға кайта көшіп келе бастаған қазақ диаспорасының тіл ерекшелігі. Ауғанстанға алғаш көшіп барғандар орта жүз арғын, қоңырат, одан соң кіші жүз адай, табын, кете, шөмекей ру-тайпалары. Олар Ауғанстанның Мазаршөріп, Имамсайып, Бағлан, Құндыз қалалары мен өлкелерінде тұрып, малшылық, егіншілік, сауда ісі, етікшілік, құрылыс жұмыстары сияқгы кәсіптермен шұғылданған.
1979 жылғы Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға басып кіру оқиғасы ондағы қазақ диаспорасын тағдыр тәлкегіне ұшыратып, Түркия, Пәкістан, Иран, Араб елдеріне кашып кетуге мәжбүр еткен. Ауған қазақтарының жалпы саны 1500 үйдей. 1993 жылы олардың 850 отбасы Ираннан, 350 отбасы Түркиядан Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен Кязақстанға алдырылды, ал 200-дей отбасы Ауғанстанда қалып қойды.
Ауғанстаннан Отанына оралған 1200 үйден астам қазақ диаспорасы қазір Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш қалалары мен елді мекендерінде, Қызылорда,Жамбыл, Алматы облыстарында тұрып жатыр.
Иран казақтары деп 1917-1930 жылдары Маңғыстау түбегінен тікелей Иранға өткен қазақтарды айтамыз. Бұлар қазір Иранның Гүмбед, Горган, Бендертүркімен қалаларын мекендейді. Ирандық қазақ диаспорасының 1060 үйдейі әлі Иранда, 140 үйі Ақтау қаласына көшіп келген, Түрашбек деген 1 ирани қазақ Жамбыл облысында тұрады

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 265 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]