Сын есім - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Сын есім
03.03.2011, 12:34
Сын есім [10 бет]

Сын есімнің семантикалық мағынасы оның мофологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда сын есім ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының кайсысында қолданылса да, оиы анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т. б.) жағыиан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән кептік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерш бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана бе-рулерімен катар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтеиетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлшеуіш т. б.) жалғана береді. Сын есім-де көптік, тәуелдік, септік_категориялары болмағынымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те — сын есімнің-зат есімнен бөлінерлік, өз алдьша дербес категория екеніне дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан шн есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің кызметтерін атқарады. Мысалы: хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С. Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққаннына, арық сейлеп, семіз шық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердің әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың қамыс бар), әрі адъективтік (қамыс қора) қызметі болатыны сияқты, кейбір сын есімдер де әрі адъективтік, әрі адвербиалдық қызмет атқарады. Бұдан сын есімде шырай ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1032 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.7/9
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]