Статистика пәні және оны зерттеу әдістері - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Статистика пәні және оны зерттеу әдістері
03.03.2011, 12:23
Статистика пәні және оны зерттеу әдістері [28 бет]

Статистика пәні . Статистика қоғамдық құбылыстардың , процестің , өзгерістің көлемін , шамасын , деңгейін есептеу-санақ мәселелерін , өркендеп-дамудың қарқынын зерттейді . Мысалы , халықтың жалпы санын , оның жынысын , ұлттық құрамын , географиялық орналасу дәрежесін , кәсібі мен шаруашылық түрін зерттейді . Белгілі бір аумақтағы өндірілген өнімді , ұлттық табыс мөлшері , оның тұтынуға сақталған қорын , тасымалданған жүктің мөлшері мен санын тағы сол сияқты қоғамдық құбылыстардың сипатын анықтайды .
Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың , өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының , өзгеруінің заңдылығын , олардың сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді . Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігіне және ондағы еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды . Ғылыми-техникалықпен табиғи жағдаймен қатар жетілдірілген ғылыми-техникалық өндірістің тигізетін әсері белгілі . Агротехникалық шараны уақытында жүргізуімен жердің құнарлылығы және қолайлы ауа райы дақыл түсімділігін арттырады . Тиісті экологиялық норманы сақтамаған өнеркәсіп табиғатқа , қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізеді Мәселен , өнеркәсіптен бөлінген дұрыс тазартылмаған улы қалдық ауаны , суды былғайды . Мұның әсері өсімдік әлеміне , жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян келтіреді . Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын , олардың тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді . Қоғамдық өзгерістің табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың жетілуінің қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды .
Басқаша айтсақ , статистика пәні халықты , экономикалық және табиғи жиынтықтарды зерттейді . Бұл жиынтықтардағы өзгерістердің бағытын , заңдылығын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін немесе ғылыми қағида бойынша іріктеліп алынған өкілдерін зерттеуге қатыстыру керек . Айта кететін жағдай , кездейсоқтық әдіспен өте аз бірліктері талданса , одан алынған көрсеткіш даму заңдылығын қатынасын дәлме-дәл көретпеуі мүмкін . Мысалы , Қазақстан Республикасында 1993 жылы туған әрбір 1000 балаға шаққанда 28,8 бір жасқа толмаған бала шетінеген . Бұл , өкінішке орай , жоғары кеөрсеткіш . Ал бұл көрсеткіші бір аймақ бойынша ғана есептесек , 1000/1000 болуы мүмкін . Егер бір өңірде туған жалғыз бала шетінеп кетсе , керісінше туған жалғаз бала тірі болса , 0/1000 болады . Қорыта айтсақ , құбылыс жиынтығының тән тұжырым жасауға болмайды . Статистикалық зерттеу құбылыс иесінің барынша көп бірліктерімен айналысады . Сонда ғана құбылыс иесі бірліктерінің көбіне тән нышанды қасиетті тауып , заңдылықты анықтауға болады Халықтың ұдай дамуын , экономиканың нарықтық дәуіріндегі өзгерісін зерттейтін статистиканың ықтималды ілімге негізделген бөліктері де кең пайдаланып , өрісін кеңейтті . Ықтималды ілім қағидасын сүйенген статистиканың күрделі әдістері әлеуметтік-экономикалық тәжірибенің өзгерістерін зерттеуде кең қолданылады . Әсіресе халықтың әл-ауқатын , күнкөрісін , айлық табысын , тауардың сапасын , қауіпсіздендіру ісін зерттеуде статистика үлкен рөль атқарады . Қазірде жалпы статистикалық әдістің пайдаланылмайтын жері жоқ . Қауіпсіздендіру ісінде бәсекенің мөлшерін , қаржылық , іскерлік тәуекелдіктің дәрежесін және сауда ісін болжамдауда кеңінен қолданылады . Сонымен қатар , статистикалық күрделі әдіс биологияда , психологияда , денсаулық сақтау , спорт саласында да пайдаланады .
Статистиканың жалпы ілімінің , әсіресе ықтималдылық ілімінің тұжырымына негізделген әдістері сан-қилы мақсатқа пайдаланылады . Статистикалық әдістер қарапайым және күрделі болып екі түрге бөлінеді . Бұл оқулықта экономикаға қатысты бар кез келген маманның жадында
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1064 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.8/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]