Шығыс Қазақстан облысында туризмнің экстремалды турлерін дамыту - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Шығыс Қазақстан облысында туризмнің экстремалды турлерін дамыту
06.03.2011, 15:57
Шығыс Қазақстан облысында туризмнің экстремалды турлерін дамыту [4 бет]

Туризм- адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалысының бір түрі.
Өз бастауын 19ғ. Басында алған туризм бүгінгі күнде- ірі капиталды, негізгі қаражаттарды, еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан, ірі экспорттық салалар ішінде автомобиль және мұнай өндіру өнеркәсібіне кейінгі үшінші орындағы ірі әлемдік экономикалық кешен болып табылады.
Туристік индустрия жоғарғы кірісті, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық экономика мен қоғам дәрежесін көтеретін ктализатор болғандықтан Қазақстан Республикасы оны дамытуға және өркендетуге жан-жақты назар аударуда. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы халқымызға жолдауында «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жж арналған мемлекеттік бағдарламасын» жалпы ұлттық іске асыру жоспарына енгізді. Бұл бағдарламада келу және ішкі туризмін дамыту, туризм инфрақұрылымы дамуына жағдай жасау, рекреациялық шаруашылықты мамандануы бар аймақтар қалыптастыру көзделген. Сондықтан да елімізде халықаралық бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру үшін мемлекеттік реттеу мен қолдау ұсынып отыр.
«Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы туристік орталыққа айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіншіліктер бар.»- дейді елбасымыз.
Республикамызда туризмнің ерекше қанат жайып өркендеуіне ыңғайлы аймақтың бірі- териториясының ауқымды бөлігін Алтай таулы өңірі алып жатқан Шығыс Қазақстан Облысы. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша таулы аудандардың экономикалық және әлеуметтік көтерілу проблемасы өте өзекті мәселелердің қатарында. Сондықтан да осындай жабайы табиғатты таулы аудандар үшін туризм-жергілікті халық өркендеуіне ықпал ететін негізгі экономикалық фактор болуы тиіс. Және де мемлекеттік назардан шалғай жатқан әрі табиғи ресурстары бай аудандарда жартылай жария браконьерлік, заңсыз ағаш кесу, мықты жеке меншік ауылшаруашылығы кәсіпкерлері орын алуда.
Шығыс Қазақстан облысы немесе Алтай таулы өңірі- бірегей және қайталанбас табиғат сұлулығымен, алуан түрлі флора және фаунасымен танымал, Қазақстанның Швейцариямен теңестірген, «Чуйскі Альпісі» атанған інжу маржаны болып табылады. Түркі халықтарының ежелгі түп-тамыры және ежелгі таулы металлургия өз бастауларын алған, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы кесіп өткен бұл мекен- ежелгі көшпенділер мәдениеті қиылысқан, археолог ғалымдарды табындырған көне тарих көзі және әлемдік мәні бар табиғи-тарихи әрі мәдени ескерткіш болып табылады.
Осы уақытқа дейін Алтай таулы өңірі қауіпті урбандалудан тыс қалды және өзіне тән ерекше таулы ландшафтыларын сақтап қалды. Шығыс Қазақстанның ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени құндылықтарға ие табиғи кешендерін сақтап қалу мақсатында территориясында Марқакөл қорығы(1976ж), Батыс Алтай қорығы(1992ж), Рахман бұлағы қорықшасы, Катон-Қарағай Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі(2001ж 17 шілде) ұйымдастырылған. Олардың территорияларында 60 астам түрлі сүтқоректі, 260 астам түрлі құстардың түрі, 720 астам өсімдік түрі, 10 астам балық түрі кездеседі.
Қазіргі уақытта Табиғатты қорғаудың «Қызыл кітабына» енгізілген аса сирек...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 571 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]