Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Шудың ( дыбыстың) адам организміне әсері
19.02.2011, 20:48
Шудың ( дыбыстың) адам организміне әсері [10 бет]
Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.
Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениетпен техниканың айырылмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін.
Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді (19).
Қаладағы шу негізінен темір жолмен жүрген пойыз, трамвай тарсылынан, ұшақтардың гүрілінен, автомашина, мотоцикл, тұрмыстық жабдықтармен құрылыс алаңында жұмыс жасайтын техниканың дыбысынан құралады. Барлық шудың 80 %-не жуығы автомашиналардан тарайды.
Адамдар үшін шу өте қауіпті. Оның қолайсыз әсері көп уақытқа дейін білінбей жүреді де, білінгеннен кейін кеш болады. Оның үстіне дәрігерлер нәтижелі емдеу жолдарын табалмай жүр.
Шу (дыбыс) деген не? Шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нығыз толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан тұрады. Газды сұйық немесе нығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмейді. Мысалы: қоңырауды электр жүйесіне жалғап шыны қалпақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақ астындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азая түседі де ауа біткен соң естілмейтін болады.
Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секундына 20-30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында 10000-ға дейін тербелу болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары мыналар: тербелу жиілігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы. Дыбыстың тербелу жиілігі (f) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секунд ішінде толық 1 циклы өтетін тербеліс жиілігінің өлшеу бірлігі. Герц атауы электромагниттік толқындарды ашқан неміс физигі Г. Р. Герцтің құрметіне қойылған. Орысша Гц. Халықаралық белгіде НZ болып жазылады.
Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады: 1 килогерц (Кгц)= 1000 гц, 1 мегагерц (Мгц) – 1000000 гц.
Адамдардың құлағы жиілігі 16 гц пен 20000 гц аралығындағы механикалық тербелімдер дыбысын естіп, одан төменгі және жоғары тербелімдегі дыбыстарды естімейді. Бірақ бұл жиіліктегі дыбыстардың адамдар үшін өте зиянды әсері бар.
Дыбыс тербелімінің жиілігі 16 гц-тен төмен болса, оны инфрадыбыс деп атайды. Олар құлаққа естілмегенімен адамдардың ішкі мүшелеріне күшті әсер етіп, жұмыс ырғағын өзгертеді.
Тәжірибе жүзінде инфрадыбыстың жиілілік аймағы төменгі (16 гц төмен) жағынан шектелмеген. Табиғатта 1 гц-тың 10-дық тіпті 100-дік үлесіндей инфрадыбыстық тербелістер кездесе береді.
5-9 гц аралығындағы дыбыс тербелістері бауырдың, қарынның, талақтың тербелімін көбейтіп кеуде клеткаларын ауыртады.
Тербелімі 12-14 гц дыбыстар құлақтың зыңғылын көбейтеді.
Американдық ғалым Роберт Вуд спектакль жүріп-жатқан залда жиілігі секундына 13 гц дыбыс таратқанда көрушілердің бәрі түсініксіз үрей сезінгендерін айтқан.
Профессор Гавро (Франция) мен оның әріптестері кеңеттен ойлау, түсіну қабілеттері кеміп, тез шаршайтын болып, кей уақытта бастары айналатын болғандықтан оның себебін...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1315 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]