Саяси жүйе - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Саяси жүйе
03.03.2011, 12:09
Саяси жүйе [20 бет]

«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік
талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М-Х. Политическая система общества. Социальнополити-ческие науки. 1991, 5, 60 бет. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.
Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол кепбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген.
Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен байланысты.
«Саяси жүйе» ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі.
Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси жүйе» ұғымы жалпыланған түрде осы идеяны бейнелейді.
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.
Осыған байланысты саяси жүйені ортамен «кірудегі» және «шығудағы» өзара әрекеті бойынша қарастырылатын «қара жәшікпен» теңестіреді.
Осыған ұқсас жайтпен, яғни жәшіктің ішіндегі болып жатқандарды елемей Д.Истон саяси жүйені қарастырды. Ол басты түрде жүйенің экономикалық, мәдени, діни, экологиялық, биологиялық, психологиялық, халықаралық және т.б. глобальды елеуметтік жүйеге енетін басқа жүйелердің кешенінен түратын өз ортасымен қатынасын талдады. Саяси жүйе мен оның ортасы арасындағы қатынастар жүйеге импульс беретін орта тарапының кіріс түрінде, орта импульсіне жүйенің реакциясы болып табылатын шығыс түрінде бейнелейді.
Жүйе орта импульстеріне жауап бере отырып ортаға ықпал етеді. Орта жүйе тарапынан импульс ала отырып өз кезегінде жүйеге ықпал етеді, және барлығы жаңадан басталады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті тұйық ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1617 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.4/9
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]