Саяси процесс - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Саяси процесс
03.03.2011, 12:10
Саяси процесс [5 бет]

Дүниежүзілік саяси және құкықтық ілімдер тарихы — адам-заттың рухани мәдениетінің манызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси-қүқықтық ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, қүқық, бостандык, мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-қуқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары қазіргі замандағы саяси және кұкықтық ілімнің дамуы мен оның бағытына едәуір ықпал етеді, біздің қазіргі іс-әрекетімзге бағыт береді.
Қазіргі дүниені неғүрлым дұрыс танып, білу үшін және болашақ жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін адамдар әр уақытта, әр дәуірде өзіне дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың үзақ ғасырлық тәжірибесін пайдалану тарихи қажеттілік болып табылады. Қазіргі кезде елімізде алуан түрлі саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келді. Олар дүниеге келіп ғана койған жоқ, белгілі-бір мақсат ұстанған нақты күш ретінде саяси аренаға шықты. Олардың саяси қызметі мемлекет ісіне, құқыққа, саясатқа белгілі бір дәрежеде ықпал да жасауда.
Қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы, дамуы және саяси платформасы әлемдік тарихтың және Қазақстанның бұған дейінгі әр кезеңінде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас және үндес болып келеді. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде әлемдік саяси-кұқықтық ілім тарихының саяси тәжірибесі мен ғылыми тұжырымдарын ескерудің пайдасы зор болмақ.
Саясат пен ққұқықта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс
жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екендігі
белгілі. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесінің бұған дейінгі
тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен
идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары
саяси және қүқықтық ілімдер тарихы ғылымында сараланады.
Ендеше адамзаттың саяси және құқықтық жолда болашақты
дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып,
үйренуіне де байланысты.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың тандаулы
өкілдерінің мемлекет пен құқықтың даму тарихын, бостандық
пен әділдіктің, заң мен зандылықтың, қоғамдық және мемлекет-
тік құрылыстың, адамдардың құқы мен бостандығын, билік пен
жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың форма-
лары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын
көрсетеді.
Саяси және қүқықтық ілімдер тарихы пәні заң ғылымы жүйесінде жеке пән болып есептелінеді. Бұл пәннің зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат және заң шығару туралы ілімнің пайда болуы мен дамуы. Саяси ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1152 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]