Қос сөздер мен олардың жасалу жолдары - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қос сөздер мен олардың жасалу жолдары
03.03.2011, 13:02
Қос сөздер мен олардың жасалу жолдары [14 бет]

Қос сөз деп екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер аталады. Мысалы, ойдын-сауық , ине-жіп, ыдыс-аяқ, құрал-сайман, қыз-келіншек, жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, үлкен-кіші, ата-ана, әке-шеше, он-он бес, жиырма-отыз, қырық-елу, кеше-бүгін, жоғары – төмен, қызыл-жасыл, кімде-кім, келіп-кетіп, айтыс-тартыс т.б.
Қос сөздер тілдің аналитикалық тәсілінің қосарлама тәсілі арқылы жасалады. Қос сөздер түркі туыс тас тілдердің бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос сөздер ең көш орхон жазба ескерткіштерінің тілінде де болған. Мысалы, арқыш-тіркіш = ркес-тіркес, ічін-ташын= ішін-тысын, бәгләрі-будуны= бектері-халық, ядағын-ялацын=жаяу-жалпы, алу-иту = өлу – жіту. Содан бір қос сөздер түркі тілдерінің бәрінің сөздік қорынан мол орын алып, тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктер қатарында келе жатыр.
Тілде қос сөздер жасалуының өзіндік әжбден қалыптасқан заңдылықтары бар. 1. Қос сөздедің екі сыңары да бір сөз табының сөзінен болады. Мысалы, қыз-келіншек, қауып-қатыер, тамыр-таныс, жауын-шашын деген қос сөздердің екі сыңары да зат есімдерден жасалған. Ал үлкен-кіші, қызылды - жасылды, үлкенді-кішілі, жақсы-жаман, кәрі-жас деген қос сөздер сын есім сөздерден жасалған. Сол сияқты алпыс-жетпіс, бес-алты, жеті-сеіз, он бес-он алты, сексен-тоқсан қос сөздері сан есімдерден жасалған. Келі п -кетіп, алып-беріп, көре -көре, ішіп-жеп, қарғап-сілеп, асыға – үсіге қос сөздер етістіктерден жасалған.
2.Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан қатысы, байланысы бар, не синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы, бір – біріне ешбір қатысы жоқ сөздер бір – бірімен қосылып, қос сөздер жасай алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында қатты сақталатын заңдылық. Ал осымен байланысты қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним, антоним сөздерден болады. Мысалы, ыдыс – аяқ, ине – жіп, әке – шеше, аға - іні, аяқ – қол, өкпе – бауыр, етек- жең, соқа-сайман, қаза-ошақ, бір-бірімен ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 547 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]