Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың дамуы
20.02.2011, 16:57
Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың дамуы [13 бет]
Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Бұл философия «схоластика» (лат. Ғылым, мектеп).
Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталған жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Филсофтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, оларданбұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер(лат. Шын) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді.
Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды.

Ортағасырлық филасофияның ерекшелігі: философиялық ойдың дамуының тікелей діни – теологияның шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Құлдық және буржуазия арасында мың жылдай үстем құрған феодалдық құрылыс жатыр. Оны схоластика деп атаған.
Схоластика (гр. Scholasticos- мектептік) – орта ғасырлық «мектептік философия», оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды түрде негіздеуге және жүйелеуге ұмтылды. Бұл үшін олар ежелгі философиялық идеяларды пайдаланды.Қазіргі схоластика деген ұғым өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз, бекер, жел сөзге үйір дегеннің синонимі. Схоластардың талас- пікірі жалпылық пен жалқылық қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар(лат. Unuversalia- жаппайлық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп атайды. Мұны шешуді түрлі жолдары айталды. Біреуі- жалпы ұғым- әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп түсіндіреді. Бұған қарама- қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал «адам» деген жалпы атау- ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады. (лат. Nomina – нақты атау).
Реализм (лат. Realis- шындық, заттық)- өнердің объективтітанымдық және эстетикалық табиғатын жүзеге асыра алатын көркемдік әдістердің бірі. Адамның шындыққа деген жан- жақты қатынастарын бейнелеу, жеке – дара суреттеу арқылы өмірдің заңдылық типтік мағынасын ашу. Реализм өкілдері – Альберт фон Больштедт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймунд Луллий. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш тұрлі өмір сүреді. Олар:
1.Заттардан бұрын құдай санасында идея түрінде пайда болып, сол арқылы ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 748 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]