Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Нортон Коммандер мүмкіншіліктері (Norton Commander)
19.02.2011, 20:12
Нортон Коммандер мүмкіншіліктері (Norton Commander) [4 бет]
Norton Commander операциялық қабықшасы қазіргі уақытта ең таралған DOS-тың өзгертпесі болып табылады. Ол DOS-тың командамен басқарылатын интерфейсін «мәзір» типті қолданушының интерфейсіне ауыстырылған. Бұл операциялық қабықшаның дербес компьютер қолданушыға ұнағаны соншалық, Windows-пен жұмыс атқарса да, Norton Commander-ді «файл манипуляторы» ретінде қолданады. Себебі, Norton Commander өте қарапайым, онымен жұмыс жасауға ыңғайланып кетуінен, және де ол ДК ресурстарын экономды түрде жұмсайды.
Панельдер. Каталогтарды алмастыру.
MS DOS жүйесінің командаларымен жұмыс істеуді жеңілдетуге арналған түрлі жүйелік программалар бар. Олардың ішінде жиі пайдаланылатыны NC пакеті (NC – сыртқы жетекші программа). Оның орындайтын іс әрекеттері – файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуді жеңілдету.
Мысалы :
Экранға дискідегі каталогтар мазмұны жазылған екі тақта шығару.
Бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа, ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту.
Com, Exe, Bat – типті файлдарды іске қосу.
NC үшін функциональды клавиштердің орындайтын іс - әрекеттерін қалыптастыру.
Файл мазмұның экранға шығарып, оныңмазмұнымен танысуға мүмкіндік туғызу.
Ыңғайлы тәсіл бойынша файлды көшіру, атын өзгерту, жою не орнын ауыстыру.
Жаңа каталог құру, оны жою.
Тестік файыл құру, оны редакциялау, т.б..
NC алғашқы рет іске қосылған кезде экранның оң және сол жақ бөліктеріне тік төртбұрышты бірдей екі панель шығады да, оларда ағымдық винчестерлік дискіде жазулы каталог мазмұны көрінеді. Оның үстіне әр панельдің жоғарғы жағында каталогтың аты да жазулы тұрады. Ал командалық жол панельдердің төменгі бірінші жолға орналастырылады.
Экран бетіне шыққан тақталардың бірінде бір каталог не файл аты сұр түсті тік төртбұрыш ішіне орналастырылып қойылады. Ол NC – тің осы каталогты не файлды ағындық етуге дайындаған белгісі. Әдетте оны NC не панель белілемесі деп атайды. Курсорды басқаруклавиштерін пайдаланып, белгілемені сол панельде жоғары, төмен жылжытуға болды. Ал оны бір панельден екінші панельге өткізу үшін TAB клавишін басса болғаны. NC белгілемесінің қызметі – каталогтарды алмастыруды не com, exe, bat типті файлдарды іске қосыду жеңілдету, т.б..
Мысалы :
Панельде көрінген каталогтың мазмұның экранға шығару үшін белгілемені осы атаудың үстіне әкеліп, КҚ клавишін басу жеткілікті.
Ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа шығу үшін белгілемені оның сол жақ жоғарғы бұрышында көрініп тұрған қос нүкте (. .) белгісінің үстіне жылжытып, КҚ клавишін басса болғаны (. .- белгісі көрінген каталог – ағымдық ішкі каталог).
Атау ішкі каталогта көрінген com, exe не bat типті файлды іске қосу үшін белгілемені осы атаудың үстіне әкеліп, R0 клавишін басу керек.
Белгілемені ішкі каталогта жазулы файл атауының үстіне әкеліп, КҚ клавишін басқан соң оның мазмұның экранға шығарып көруге де болады.
Ескерту .
Әдетте MS DOS іске қосылған кезде NC – те іске қосылып қойылады. Керсінше жағдайда, C:\>NC командасы арқылы оны ОЕСҚ- ға ендіріп алу керек.
NC жүйесінде экранда каталогтардың атаулары бас әріптермен, файл атаулары кіші әріптерімен жазылып көрсетіледі.
Панельдің соңғы жолында белгілеме арқылыбөлінген файлдың не каталогтың сипаттамасы жазулы тұрады (бұл жолды мини статустық жол деп те атайды).
NC жүйесінде панельдермен жұмыс істеуге арналған және қажетті дискіні, дискіжетекті панельде ағымдық өтетін бірнеше команда бар.
Мысалы : CTRL+F1 – сол жақтағы панелді алып тастау.
CTRL+F2 – оң жақтағы панельді алып тастау.
Олар екінші рет басылса, сәйкес панельдер экранда қайтып көрінеді .
HOME – панель белгісімен ағымдық ішкі каталогтың басына бірден жылжыту
END – панель белгілемесін ағымдық ішкі каталогтың басына бірден жылжыту.
CTRL+F3 – ағымдық ішкі каталогта көрінген файл атауларының бірінші әріптері бойынша реттеу.
ALT+F1 – сол жақ панельде басқа дискіні ағымдық ету үшін берілетін команда. ALT+F1 – басылған кезде винчестерлік диск бөліктерінің бұрыннан белгілеуіне байланыстыэкран бетіне 3 – сурет арқылы бейнеленген терезенің ...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1252 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/11
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]