Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Norton Commander
19.02.2011, 19:15
Norton Commander [12 бет]
Norton Commander операциялық қабыршығы
Norton Commander мүмкіншілігі.

Norton Commander – қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған программа, онда командаларды пернетақтада термей-ақ тек пернелерді басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды «операциялық қабыршық» деп атайды.
Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:
• Экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;
• Диск, каталог, файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;
• Бір каталогтан екіншісіне көшуге;
• Каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшіруге және өшіруге;
• Каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге, ауыстыруға, атын өзгертуге және өшіруге;
• Кез-келген файлды көруге және мәтіндік файлдарды түзетуге;
• Командалық жолдарды түзетіп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.

Norton Commander-ді іске қосу.

NC. EXE файлының толық жолынан тұратын келесі команданы теру керек:
C:\NC\NC
бұндағы C: - NC. EXE файлы жазылған диск аты, ал NC – каталог аты.
NC - Norton Commander деген сөздің басқы әріптерінен құралған қысқартылуы, командадағы бірінші NC-каталог атын, екінші NC-программа атын (nc.exe) көрсетеді.

Norton Commander-ден шығу

Norton Commander жұмысын аяқтау үшін: F10 пернесін басу қажет. Экранға сұхбаттық терезе шығады:

Онда «Шынымен Norton Commander – де жұмыс бітті ме» деген сұрақ бар, егер «Yes» (yes –иә) немесе «Enter» (енгізу) пернелерін бассаңыз, экраннан терезелер мен меню жоғалады.
F10 пернесі кездейсоқ басылса сұхбаттық терезеде курсорды
«No» («жоқ») деген сөзге апарып, «Enter» (енгізу) пернесін басу қажет.
Ескерту!

Егер бірнеше пернені қатар басу керек болса, ол әрекетті «+» символы арқылы белгілейміз. Мысалы, Ctrl + Q деп жазсақ, ол Ctrl және Q пернелерін қатар басу керек екенін көрсетеді. (Ctrl пернесін басып тұрып, Q пернесін басу керек.

Жұмыс істеп жатқан каталог (курсор тұрған) немесе диск ағымдық деп аталады.

Norton Commander тақталарының мазмұны

Norton Commander жедел жадыға оқылған кезде экранда екі терезе пайда болады, оларды тақта деп атайды:...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 656 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]