Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Менеджменттің функцияларын зерттеу
19.02.2011, 20:36
Менеджменттің функцияларын зерттеу [6 бет]
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктердең тұрады.Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады.
Менеджменттің міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың заңдылықтарын ескертіп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару.
Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні.
Функция / латынның – “атқару, қызмет ” деген сөзі / қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады.Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі.Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін.Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет.
Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.Алғаш рет басқарудың функционалды талдаудың Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді.
Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады.
Функция басқару басқару қызметінің ерекше бір түрі ретінде де басқару саласындағы еңбекті бөлу мен мамндандыру процесінің нәтижесі ретінде де қарастырылады.Өндірісте – еңбек өнімділігін бөлу ҒТР / ғылыми – техникалық прогресс / нәтижесі.
Функцияның мәнін бейнелейтін көптеген анықтамалар бар.
Олардың бірі. “Функция – обьективті қажетті, тұрақты қайталанатын іс - әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы біріктірілген жиынтық ретінде түсіндіріледі ”
Басқаруды жиынтық ретінде түсіндіру көп мәселелердітабысты шешуге көп мүмкіндік береді.Бастапқыда басқаруды бөлікке бөлген А. Файоль, мұнда функцияларды уақыт ішінде өрістету процесінің дәйектілігі тұрғысынаң.,алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқарушылық, келісу, яғни басқару кезеңдері бойынша бөлді.
Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір учаскілерінің, көбінесе, мотивация функцияларының мазмұның терендетіп жасауға мүмкіндік берді.
Дегенмен басқардың ең басты функционалды түсіндірмесі – бұл тұтас алғанда да, әрбірін жекелей алғанда да өндірісті басқару огандарын құру үшін обьективті негіздеме7
Басқару функциялары жұмыстың дербес түрлері болу мен және белгілеуге сәйкес біртекті және қайталануымен өндірістің субьективті факторы мен оббективті факторларының өзара әрекетінің ерекше типі болып табылады.
Басқару функцияларының орны басқару ғылымының негізгі ...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 465 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]