Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік кепілі - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік кепілі
03.03.2011, 12:33
Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік кепілі [4 бет]

1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» заң қабылданды. Қазақ этносының мұң-мұқтажын орыс тілі үнемі жоқтамайды. Саясат халықты өзіне тарту үшін керекті жай ғана әңгімені айтуы мүмкін. Бірақ орыс тілімен қазақ ұлтының түбегейлі мұраттары шешілмейтіні ақиқат. Демек, қазақ халқының тағдыры қазақ тілімен біте қайнасқан. Қазақ ұлты ұзақ тарихи кеңістікте өз ана тілімен ғана сақталады. «Тіл тағдыры - ел тағдыры» деген қазақтың төл мәтелі тегін айтылмаған. Қазақтығымызды сақтағымыз келсе, тілімізді сақтауымыз керек деген қағида айшықталады. Ұлт үшін басқа жол жоқ. Осы ақиқаттық қағида тұрғысынан, ана тілін сақтағысы келмеген қазақтар (маргиналдар) қазақ этносын сақтағысы келмеген немесе өз ұлтының тағдырына бейжай қарайтын қазақтар деп бағаламасқа лаж жоқ. Қазақтың орыс тіліне көшкен бөлшегі үшін бәрібір. Бүгін өзіне және жанұясына жақсы болса, қолайлы болса болды. Олар үшін қазақ тілін білу, ол тілді оқып-үйрену артық жүк, қосымша қиындық. Өкінішке орай, осы позицияда басқарушы элитаның және бизнес элитаның қомақты бөлшегі тұр. Оларда билік бар, байлық бар, білім бар, бірақ та этникалық сана мен қазақтық бірегейлену ниеті жоқ. Қазақтың орыс тілді элитасы ресейшіл славян тілді элитамен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірігіп, қуатты одақ жасап алған. Ол одақ ресми емес. Қазақстандағы саяси-әлеуметтік шындықтың дамуы жасаған құбылыс. Республикада орыс тілінің осыншама қуатты саяси, экономикалык және рухани-әлеуметтік фундаменті бар. Бұл фундамент әзірге қуатты, қазақ, тілділер өз тілін даму мақсатында осы фундаментті шайқалта алмай отыр.
Саяси элитаның, бизнес элитаның орыс тілінде сөйлеуі орыс тілді бұқаралык ақпарат құралдарының басымдығын тым күшейтіп жіберді. Осы факторларға қосымша орыс тілі қазақ тіліне қарағанда экономиканы басқаруға, ғылыми-техникалык финанстық ақпаратты игеруге бейімделген... Компьютер тілі ретінде де орыс тілі қазақ тілінен озып тұр. Сонымен қатар орыс тілінде оқу түрлерінің барлық жүйелері, оқулықтар жасау ісі де әлемдік көркем әдебиетті аудару мен тарату ісі қазақ тіліне қарағанда озық. Қазіргі Қазақстан қоғамында орыс тілінің қолдану аялары қазақ тілінен мүлдем озық екендігін мойындау жөн. Орыс тілі, қазақ тіліне қарағанда, өрісі кең тіл. Осы бұлтартпас ақиқат қазақ тілінің еңсесін жаныштап барады. Қазақстандағы...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 425 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]