Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Мұхаммед Тарағай бин Шахрух
06.03.2011, 16:05
Мұхаммед Тарағай бин Шахрух [11 бет]

Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.
Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы екі бөлікке бөлінеді: бірі Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 365 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]