Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Ұлыбритания
19.02.2011, 18:21
Ұлыбритания [15 бет]
Ауданы – 244,1 мың км. кв.
Халқы – 58,8 млн. адам (1997 ж.)
ЖІӨ - 1,1 трлн.долл. (1997 ж.)
Бір адамға шаққандағы ЖІӨ - 19 мың. долл. (1997 ж.)

Ұлыбритания – экономикалық қуаты бойынша әлемде жетінші орында (АҚШ, Қытай, Жапония, ФРГ, Үндістан және Франциядан кейін). Ұлыбритания өндірістің капиталистік тәсілінің отаны болып табылады. XVIIғ. буржуазиялық революция Ұлыбританияны басқа еуропалық елдермен салыстырғанда капитализмнің ертерек дамуына жол ашып, ол кең және бай отарларды иеленіп озат теңіздік державаның құрылуына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта көптеген отарларынан айырылғанымен, Ұлыбритания территориясында 6 млн. халқы бар және 14 тәуелді отар аймақтарын бақылап отырған аймақ. Одан басқа, 1931 ж. құрамына Ұлыбританияның бұрынғы 53 доминионы мен отарлары енген Ұлттардың Достастығы (1947 ж. бастап – Достастық) құрылды.
Ең ірі империя бола отырып XIX ғ. ортасында әлемдік өнеркәсіп өндірісінің жартысын өндірді, ал XX ғ. басында көшбасшы жағдайынан айырылса да, қазіргі уақытта ең жақсы дамыған индустриялдық державалардың бірі. Әлемдік өнеркәсіптер өндірісінің үлесі Ұлыбританияда келесідей тәртіппен өзгерді: 1820 ж. – 50%, 1900 ж. – 25%, 1937 ж. – 14%, 1990 ж. – 6,4%, 1996 ж. – 6 %.
Мемлекет ҒЗТКЖ (НИОКР) (1996 ж. ЖІӨ 2,2 wacko шығынының үлесі бойынша алғашқы орындарының біріне, ал 1901 – 1995 ж.ж. кіріс мөлшері бойынша 2- ші орынды иеленіп отыр. Нобель сыйлығы бойынша АҚШ – тан кейінгі (АҚШ – 179, Ұлыбритания – 70, ФРГ – 59, Франция – 24, Жапония – 4) орында. Аймақта Оксфорд 1167 ж., Кембридж – 1209 ж. құрылған - олар әлемнің көне университеттерінің бірі.
Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы негізгі жанармай көмір (1273 ж. бастап қолданылды) болған, ал 1970 ж. ортасынан Солтүстік теңіздің қайраңындағы кен орыдарын игеруіне байланысты мұнайгаз өндіретін елге айналып, мұнайды экспорттады. 1956 ж. Камбриде әлемдегі бірінші АЭС «Колдер – Холл» салынды, сондықтан Ұлыбритания 1970 ж. дейін атом энергиясын өндіруі бойынша көшбасшы мемлекеттерінің бірі болған еді, бірақ Солтүстік теңізде мұнай мен газдың ашылуынан кейін атом энергиясына қатынасы өзгеріп, ол дамуын мүлдем тоқтатты, қазіргі таңда елге 27% электр энергиясын өндіретін 14 АЭС жұмыс істеуде.
Еуропада Ұлыбритания ауылшаруашылық өндірісінде ең жоғары дамыған мемлекеттерінің бірі.
Урбандалу деңгейі – ең жоғары көрсеткіштерінің бірі – 89 %. XIX ғ. ортасына таман мемлекет халқының жартысынан астамы, ал XX ғ. – 75% қалада шоғырланды.
Географиялық жағдайы. Ұлыбритания – Еуропаның солтүстік - батысында орналасқан аралдық мемлекет. Оның территориясы Ұлыбритания, Ирландияның солтүстік – шығыс бөлігі мен жақын жатқан аралдар (Шетланд, Оркней, Норманд, Гебрид және т.б.) тобынан құралған. Оны Еуразиялық континенттен Ла – Манш және Па – де – Кале бұғаздары бөліп жатыр.
Табиғат жағдайлары мен ресурстар. Аймақтың жер бедеріне адыр – бұдырлы жазықтар мен ойпаттар үйлесімі тән, сонымен қатар аласа таулар Пенин таулы массиві (орташа биіктігі 500 800м.) елдің орталық , ал солтүстік ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 2489 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.2/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]