Коллоидты химияның оптикалық қасиеттері - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Коллоидты химияның оптикалық қасиеттері
06.03.2011, 16:26
Коллоидты химияның оптикалық қасиеттері [5 бет]

Дисперсті системалардың оптикалық қасиеттерін зерттеу ондағы бөлшектердің құрылымын, түрін, өлшемін және концентрациясын анықтауға септеледі. Коллоидты ерітінділердің оптикалық және молекулалық-кинетикалық қасиеттерін біріктіріп, өзара ұштастырып зерттеген нәтижелі. Дисперсті системадағы электромагнитті жарық толқынының қозғалысын қарастырайық. Дисперстік ортадан өтетін жарық бөлшектермен әрекеттесіп, жұтылады, шағылысады немесе шашырайды. Жарықтың бөлшек бетіне тиіп, онан шағылысуы оптиканың геометриялық заңы бойынша, яғни толқын ұзындығы бөлшек өлшемінен кіші болса ғана жүзеге асады. Спектрдің көрінетін бөлігі үшін бұл шарт ірі дисперсті системаларда ғана сақталады. Ал, бөлшек өлшемі толқын ұзындығынан едәуір кіші болатын коллоидты системаларға басқа жарық шашырату құбылысы тән.
Дисперсті система арқылы өткен жарық сәуленің интенсивтілігі біршама төмендейді және бірден екі процесті тудырады: жұту және шашырату. Жарық жұтылған кезде оның энергиясы жылуға айналады. Боялған орталардың көмегімен жарық жұтудың негізгі заңдылығын Ламберт пен Беер анықтаған. Ламберт заңына орай, ерітіндінің өте жұқа қабаты арқылы өтетін жарық интенсивтілігінің өзгеруі, өзі өткен ерітінді қабатының қалыңдығына тура пропорционалды, ал Беер заңына сәйкес ерітіндіде еріген зат концентрациясының жоғарылауы ерітінді қабатының қалыңдығы сияқты әсер етеді. Ламберт және Беер заңын дифференциалды тұрғыдан біріктіріп өрнектеуге болады мұндағы dI - өткен жарық интенсивтілігі; К-пропорционалдық коэффициенті; С-ерітінді концентрациясы; dx-жарық өткен ерітінді қабатының қалыңдығы.
Бұл теңдеудің интегралдық түрі: немесе мұндағы І0 – ерітіндіге түскен жарық интенсивтілігі; І – ерітіндіден шыққан жарықтың интенсивтілігі.
Осы тұста ескерте кететін бір жай бар: егер ерітінді концентрациясын өзгерткенде еріген зат диссоциацияланбаса немесе агрегацияланбаса, онда Ламберт-Беердің біріккен заңы орындалады.
(3) теңдеудің оң жағындағы бөлігін (lgІ0/І) оптикалық тығыздық деп атайды. Ондағы пропорционалдық коэффициентін көбінесе жарық жұтудың молекулалық коэффициенті деп те атайды және оны ерітінді концентрациясы мен қабат қалыңдығы 1-ге тең болатын жағдайда оптикалық тығыздық ретінде қабылдайды. Жарықтың жұтылу заңын жоғарыдағы шарт орындалған жағдайда, яғни молекулалар мен бөлшектерде диссоциация мен ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 614 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]