Химиялық элементтерді Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Химиялық элементтерді Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі
06.03.2011, 16:30
Химиялық элементтерді Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі [4 бет]

XIX ғасырдың соңында химия ғылымының өте тез өркендеп дамуына Д.И.Менделеев ашқан химиялық элементтердің периодтық заңы себепші болған еді. Егер дүние жүзінде тек Д.И.Менделеев қана элементтерді белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың өзгеру зандылықтарын іздеумен айналысты десек біз өте қателесеміз. Оған дейін Батыстың ұлы химиктері (Деберейнер, Ньюлендс, Лотар, Майер) элементтердің және олардың қасиеттері арасындағы заңдылықтарды ашуға тырысты. Олар элементтердің жалпы қасиеттерін не валенттіктерін негіз етіп алды. Сондықтан олар жасаған жүйелерде көптеген қайпылықтар кездесті.
Ал Д.И.Менделеев болса элементтердің қасиеттерінің негізі етіп атомдық массаларды алды да, оларды атомдық массалардың өсу реті бойынша орналастырды. Сонда ол кез келген элементтің қасиеті бірнеше элементтен соң қайталанып отыратынын байқады. Бұл қайталану периодтық түрде болады. Сондықтан Д.И.Менделеев өзінің заңын периодтық заң деп атап (периодтық заңның ашылған күні 1869жылдың 1-наурызы болып есептеледі, оған мынадай анықтама берген.
Химиялық элементтер мен олар түзетін қосылыстардың қасиеттері атомдық массаның өсуіне периодты тәуелді болады.
Мысал ретінде элементтердің мына қатарын қарастырсақ:
...Ғ, Na, Mg...,Cl, K, Ca... Br, Rb, Sr, I, Cs, Ba
19 23 24 35,5 39 40 80 85 87 127 133 137
Бұдан атомдық массалары өскен сайын галогеннен кейін бірден сілтілік металл, одан әрі металдық қасиет бәсеңдейтіні және бұл құбылыс периодты түрде қайталанып отыратыны көрініп тұр. Мысалы, Ғ-дың қасиетін Br,Cl, және I қайталаса, Na-дың қасиетін К, Rb және Cs қайталап тұр. Сонымен қатар қасиеттерінің периодты түрде қайталануын олардың қосылыстарының
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 3509 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.2/16
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]