Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Халықтың тәрбиелік дәстүрлері
20.02.2011, 11:35
Халықтың тәрбиелік дәстүрлері [9 бет]
Бала тәрбиесіне,жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп,оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-қазақ халқы.Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерінжазып шығу үлкен еңбек,қыруар жұмыс.Оның бәрін қамти алмасақ та,сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі сәбилік кезден-ес біліп,ер жеткенге дейінгі салт-дәстүр,әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отыр.
Құрсақ тойы(дәстүр).Жас келіншектің екі қабат болғаны белгілі болса,оның абысындары мен қайын сіңлілері сол үйге оңаша құрсақ тойын жасатып,аман-сау босануына тілек білдіреді.Қазақ ғұрпы бойынша бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады.
Қазанжарыс-әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп,оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып жарысады.Халық ұғымы бойынша туатын бала «қазан жарысқа қатысып» одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.
Сүйінші. «Сүйінші келініңіз келеді деп,Әдеппен қол қусырып сәлем берді» ( «Наурызбай-Қаншайым») жырынан «»).Қуанышты хабар жеткізуші адам Сүйінші, сүйінші деп келеді.Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді.Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.Бұл шын қуанудың,ризалықтың белгісі.Сүйінші сұраудың да,оның сүйіншісін алудың ешқандай ерсілігі жоқ.
Шілдехана. «Сәрсенбай зор қуанышты болып, шілдеханаға қанша қыз-бозбала жиып... баланың есімін Жамал қойып еді» (м.Дулатов).-«Аманжол Атекем ауылына шілделікке кеткен» (С.Көбеев).Кей жерлерде шілделік деп атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатаын ойын-сауық, жиын, той.
Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ,ән салып, домбыра тартып, өлең,жыр айтады.Шілдеханаға шақырусыз да бара береді.Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.
Шашу. –қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала туғанда, келін түскенде, алыс сапардан көп күткен жолаушы келгенде,құда келгенде,тағы сол сияқты зор жақсылық,қуанышты күндерде әйелдер құрт-кәмпиттен,ақшалай шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып,ылым қылып,балаларына апарып береді.Шашуды әйелдер ғана шашады.
Қалжа. « Менің сорлы шешеме қалжа қайда? Қой сат деп әкем барды көрші байға». (С.Торайғыров).Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады.Жақын адамдар да қалжа әкеледі.Бұл әрі сыйластық,құрмет,әрі босанған әйел сауығып кетсін деген мақсатпен туған елдік дәстүр, ғұрып.
Тымаққа салу. Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі.Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар.Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді,тымық жылы,әрі бөлеуге ыңғайлы болады.Және сәбидің неше күні кем болса,сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы:қырық күн кем болса керегенің қырқыншы басынан кейін бала тымақтан алынып,әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды.Айталық,ат қою, бесікке салу т.б.(Егер бала қыста туса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді.).
Бесікке салу. «Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» (Бесік жыры). Бесік-қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.Жаңа туған баланы ьесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.Бесікке салу жолы үлкен,елдегі тәрбиелі,өнегелі әжәлерге,әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап,тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады.Бесікке салған адамға бесікке салар яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырын жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтатын майысып.
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларын тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?...
Тыштырма . Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт. Ірімшік , кәмпит, тәттілер өткізіп, «тышты» , «тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды . «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді.
Иткөйлек. (ғұрып ) –ырымшыл халқымыздың баланы қырқынан
...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 581 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]