Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Ішімдіктің зияны
19.02.2011, 20:46
Ішімдіктің зияны [3 бет]
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне ...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 525 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]