Газ разрядты санауыштар көмегімен ғарыштық сәуле интенсивтілігін анықтау - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Газ разрядты санауыштар көмегімен ғарыштық сәуле интенсивтілігін анықтау
06.03.2011, 15:59
Газ разрядты санауыштар көмегімен ғарыштық сәуле интенсивтілігін анықтау [5 бет]

Қазіргі кезде иондаушы бөлшектердің бақылау және тіркеу үшін өте нәзік тәсілдер мен құралдар қолданылады. Иондаушы сәулелер деп электрон, протон, нейтрон, альфа-бөлшек, мезон, фотон және т.б. сол сияқты қарапайым бөлшектер ағынын айтамыз. Бөлшектердің заттың атомындағы электрон немесе ядромен өзара әсерлесу кулондық , электромагниттік , ядролық күштер арқылы жүзеге асады . Бұл әсерлесулер нәтижесінде болатын серпімді және серпімсіз соқтығысулар нәтижесінде өте көп құбылыстар туындайды. Сол құбылыстарды иондаушы бөлшектерді тіркеу үшін пайдалануға болады . Ортада жұтылған энергияның әсерінен туындайтын құбылыстар заттың агрегаттық күйіне байланысты болады. Мысалы, газдарға түскен иондаушы бөлшектердің әсерінен еркін электрондар мен иондар туындайды . Сыртқы электр өрісінің әсерінен олар тізбекте бағытталған қозғалыста болып , қысқа мерзімді электр тогын яғни импульсын тудырады. Осы импульстарды тіркеу арқылы иондаушы бөлшектерді бақылауға болады.
Зерттеу обьектісі екінші реттік ғарыштық сәулелер. Индикатордан шыққан бәсең импульстар алдымен төмен жиіліктегі күшейткішке келіп түседі, сонда күшейтіліп, қайта есептегіш құрылғыға беріледі. Күшейткіштің шығысына қосылған жартылай өткізгіш диод ток импультарын С конденсаторға қарай өткізеді де, күшейткіштің шығыс трансформаторының обмоткасы арқылы конденсатордың разрядталуына мүмкіндік бермейді, өйткені кері бағытта ток өткізбейді. Келіп түскен ток импульстарының әсерінен С конденсатор ондағы кернеу неон лампының жағылу потенциалымен теңелгенге дейін бірте-бірте зарядталады. Конденсатор неон лампы сөнетін кернеуге дейін неон лампы мен динамик арқылы разрядталады.
Жұмыстың мақсаты иондаушы бөлшектердің әсерінен туындайтын газдағы
разрядтарды тіркеу арқылы ғарыштық сәулелердің құрамын және интенсивтіліктерін анықтау.
Иондаушы бөлшектер индикаторының жұмыс істеу принципі. Лабораториялық индикатордың құрылымы Гейгер санауышы негізінде жасалған . Санауышқа түсірілген кернеу шамасына байланысты индикатордың
жұмыс істеу принципін үш түрлі аймаққа бөлуге болады.
Төменгі кернеулер аймағы. 200-300 В ретті төменгі кернеулерде есептегіш
түтік иондаушы камера ретінде жұмыс істейді. Иондаушы бөлшектің әсерінен түтікте пайда болатын алғашқы иондар электродтарға қарай соққымен иондау үшін жеткілікті болмайтындай жылдамдықтармен қозғалады да токтың тіркелмейтін өте әлсіз импульстарын жасайды.
Пропорционал аймақ. Индикатордағы кернеуді өте жайлап, дыбыс
зорайтқыш әлсіз тырсыл шығара бастағанға дейін арттырады. Бұл жағдайда ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 623 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]