ФРАНК МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

ФРАНК МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
06.03.2011, 16:17
ФРАНК МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ [19 бет]

Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Рим империясы Еуропаньтң ескі мемлекеттеріне жататын, онымен қатар күшті жаңа мемлекеттер пайда болды. Жаңа халықтар бір - біріне ұқсамайды, олардың құрылысы тайпаларға ұқсайды. Олар бір-бірімен жиі соғысатың. Парсылардың және римдердің империялары ыдырап, әлсіресе, дала тайпалары күшейіп, өрлеудің жаңа кезендеріне аяқ басты. Бұл тайпалар: ғұн, алаңдар, дала көшпенділері Батыс Еуропаға жылжыды. Еуропада герман тайпалары: франктер, лангобардтар, вандалдар, всстготтар және остготтар туған жерлерін қалдырып, басқа жаққа қоныс ауыстыра бастады. Олар Рим империясының Рейн және Дунай өзендерінің арғы жағалауындағы жерлеріне қызығып жүретін. Герман тайпалары бұл жерлерге бұрын да шабуыл жасаған болатын. Бірақ шығыс тайпалары қыса бастағаннан кейін, олардың белсенділігі күшейді. Герман тайпалары бұрыннан Рим империясының шекарасын қорғайтын әскерлерде қызмет атқаратын, бірақ бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Рим императорлары герман халқынан шыққан әскерлерсіз өз жерлерінің шекарасын қорғай алмайтынын түсінді. Германдардан құрылған әскерге толық сенуге болмайтын. Оларды басқарған бастықтары өздерін Рим императоры ретінде мәлімдеп, азаматтық соғыс ашатын болды. Рим азаматтары әскерге қызмст істегісі келген жоқ.
Рим халықтары герман тайпаларының бәрін "варвар" жабайы деп атайтын. Бұл сөз гректерден рим халықтарына көшті, олар римдіктерден басқаның бәрін "варвар" деп атады.
Варварлар Рим империясын солтүстік шекарасы жағынан, франктер Рейн өзені жағынан, готтар, алаңдар және ғұндар Дунай өзені жағынан қыспаққа алды. Бұл тайпалар бір-біріне ұқсас болмаса да, оларды біріктіретін жалпы бір ортақ нышан - бәрінің атты әскерлері болды. Туғаннан ат құлағында ойнайтын олар өмірлерінің жартысын ат үстінде өткізетін. Рим империясының әскері көбіне ауыр қаруланған лешонерлерден тұратын. Бірақ 378 жылдан бастап гот пен хұндардан жеңілгеннен кейін, өз әскерлеріне өзгеріс енгізді.Оларда да атты әскер құрылды...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 449 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]