Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Франция
19.02.2011, 18:12
Франция [13 бет]
Ауданы- 544 мың км
Халқы- 60,9 млн.адам(1998ж)
ЖІӨ- 1,45 трлн.долл.(1998)ж
Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 24,7 мың долл.

Франция – экономикалық қуаты жөнінен әлемдегі алтыншы мемлекет – ғылыми сиымдылығы үлкен өнеркәсіпке, жоғары интенсивті ауыл шаруашылығына және дамыған инфрақұрылымға ие. Оның экономикасында туризмнен түсетін табыс үлкен роль атқарады – жылына 74,5 млн.туристер келеді.
Өнеркәсіпте машина жасау кешені басым(автомобиль жасау, авиағарыштық индустрия). Агроөнеркәсіптік кешенді де ерекше атауға болады: ел – ауылшарупшылық өнімдерінің ірі экспортері.Жоғары ғылыми- техникалық деңгейіне келесідей мысал келтіруге болады: Ұлыбританиямен бірлесе отырып дыбыстан жылдам «Конкорд» жолушы лайнері және басқа мемлекеттермен бірлесіп «Ариан» ғарыш кемесі жасалған; Франция электр энергиясын өндірудегі АЭС үлесі жөнінен әлемде екінші орын алады(75%). Экономикалық қуаттылығы Францияның «Үлкен Жетіліктегі» және Еуропалық одақтағы алдынғы позициясын айқындайды.
Франция – НАТО-ның мүшесі, бірақ бұл блоктың тек саяси ұйымына ғана кіреді. Франция – ядролық және ғарыштық держава. 1996 жылы оның әскери бюджеті НАТО-ның европалық елдерінің ішіндегі ең үлкені болған(38,4 млрд.долл.- әлемде төртінші орын). «Томсон» және «Лагардер» тобы әскери өнім өндіруден алғашқы ондықта.
БҰҰ жүйесінде Франция – Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, Парижде көптеген халықаралық ұйымдар және әлемдік ірі банктердің 25 астам басқару орталықтары орналасқан. Париж – ЮНЕСКО-ның негізгі резиденциясы.
Кезіндегі қуатты колониалдық империяның қалдықтары – Францияның теңіздік департаменттері(Гваделупа, Мартиника,Реюньон және Француздық Гвиана), теңіздік территориялары(Француздық Полинезия, Жаңа Каледония, Уолис және Футуна, Оңтүстік және Антарктикалық аралдар) және теңіздік территориялық бірлестіктер(Майотта, Сен-Пьер және Микелон). Олардың жалпы ауданы – 135мың км, ал халқы – 1,9млн. адам. Француздық Гвианада басты француздық Куру ғарыш айлағы орналасқан.
Географиялық-геосаяси орналасуы. Франция Европаның ең шеткі батыс бөлігінде орналасқан.Оны атланттық, жерортатеңіздік, пиренеймаңылық ел деп атайды. Теңіздік шекарасының ұзындығы(жалпы ұзындығы 3100 км) құрлыққа қарағанда үлкен.Францияда теңіздік шекараның екі фронты бар: білі – Атлант мұхиты және Бискай шығанағы, екіншісі – Жерорта теңізі.
Елдің құрамына оның оңтүстік жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1154 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]