Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Евро
20.02.2011, 19:41
Евро [6 бет]
Европалық экономикалық және валюталық қауымдастықтың пайда болуы және оның ортақ бір валютаға (евро) негізделуі қазіргі уақытта ең масштабты жобалардың бірі болып табылады.
Ортақ валютаны енгізу мақсаты 1992 жылы Европлық қауымдастық құру туралы Маастрих келісімінде бекітіліп қойылған болатын. Көп жылдық дайындықтардан кейін 1999 жылы 1-қаңтарда аталған жоба іске асып, әлемде мүлдем жаңа валюта өмірге келді.

1) Евроның қысқаша тарихы.

Европалық валюталық жуйе құру идеясы екі батыс европалық атақты саясаткерлері – батыс герман канцлері Гельмут Шмидт пен Франция президенті Валери Жискар д’ Эстенге тиесілі.
Шмидт- Жискар д’ Эстен инициативасын алғаш рет басқа ЕО-тың елбасыларына 1978 жылы сәуір де Копенгагенде болған кездесуде жариялады. Үш айдан соң, яғни шілде айында аталған жоба бремен саммитінде қолдау тапты. Ал 1978 жылы желтоқсанда ЕО-тың толық 9 мүше-мемлекеттердің 8-і Ортақ Европалық валюта жүйесін құру туралы келісімге келді (Ұлыбритания бұл келісімді қолдамады).
Осылайша бұл келісім өз күшіне 1979 жылы 13-наурызда енді. Ал ортақ Европалық валюталық бірлік «ЭКЮ» деп аталды (ECU-european currency unit ). Алайда Италия мен Франция бірнеше рет өз валюталарын девольвацияға ұшыратып, сонымен қатар 80 жылдардың басында Франция бірнеше рет ортақ валюталық жүйеден шығып кету қаупін төндірді. Сонымен қатар экю барлық Европа елдеріне бірдей жағымды, әрі пайдалы болмады. Сол себепті 1988 жылы ақпанда ФРГ сыртқы істер министрі Г.Д.Геншер «Европалық валюталық кеңістік пен Европалық Орталық банк құру туралы» мемарандум жарилады. Бұл жоспарды сол кездегі ЕО комиссиясының төрағасы Ж. Делор ойланбастан қолдады. Ал кейінірек аталған жоба «Делор жоспар» болып авторын өзгертті. (Шын мәнінде авторы Г.Д.Гнешер)
Делор ЕО-тың үйлестірілген экономикасын және валюталық саясатын жүргізу, Европалық Орталық Банк құру және ортақ Европалық авлютағ өтуді жоспарлады.
Осы жоспар Европалық валюталық Одақтың интеллектуалды негізі ретінде 1989 жылы 26-маусымда Мадридте болған келісімде қабылданды, ал оны негізгі идеялары 1992 жылы Маастрих келісімінде бекітілді.
Бұл жоспарды келесі этаптар бойынша іске асыруды көздеді:
- Бірінші: (1990 ж. 1-шілде – 1993 ж.31-желтоқсан)
ЕО шеңберінде капитал қозғалысын толығымен ырықтандыру (либерализация), ортақ ішкі рынок құруды аяқтау , басты макроэкономикалық көрсеткіштерді жақындату
- Екінші: (1994 ж. 1-қаңтар – 1998 ж. 31-желтоқсан )
Европалық валюталық институт құру, валюталық одақ құруға институционалдық , заңдық және әкімшілік база дайындау. Экономикалық валюталық жүйеге қатысушыларды іріктеу, Европалық Орталық банктің жұмысының басталуына байланысты арнайы заңдар қабылдау, ортақ Европалық валюта тиындарын чеканкалауды бастау
- Үшінші: (1999 ж. 1-қаңтар – 2002 ж. 30-маусым)
Ортақ европалық валюта енгізу, алғашында қолма-қол ақшасыз (электронды түрде), ал 2002 жылдан бастап ұлттық валютасымен параллель қолданысқа түседі.

Евро
Euro, Ευρώ

Елі Европалық Одақ
Тұрады 100 евроценттен
Белгісі €
Код ISO 4217
EUR

1999 жылы 1-қаңтардан бастап аталған жүйеге 11 Европа мемлекеті кірді. Олар:
Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Австрия, Ирландия, Испания, Португалия, Финляндия.
Бұл мемлекеттерден басқа евро ресми билік рұқсатымен автономды ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 939 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]