Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі
03.03.2011, 12:18
Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі [8 бет]

Ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері
Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы және кәсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқуларын аяқтаған, армия катарында Отан қорғаған жастар әр түрлі өнеркәсіп, мекеме, ұжымдарда еңбек қызметтеріне кіріседі. Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулыктарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Ол төмендегідей мәселелерде айқын көрінеді.
1. Еңбек етудің кандай түрлерінде болмасын адамдар дене және психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жүмысқа қабілеттіліктері төмендейді. Осы кезде дене тәрбиесі амалдары көмегімен шаршаған адам ағзасын тез қалпына келтіріп, жұмыска қабілеттіліктерін жоғарылатуға болады.
2. Көптеген еңбек түрлері арнайы дене қуаты дайындығын керек етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар және дене дайындығы әдістерімен іске асырылады.
3. Қандай сақтанғанымызбен XXI ғасырдың өзінде көптеген кәсіптік аурулар бар. Дене тәрбиесі амалдары олардың алдын алады, сауыктырады.
4. Техника дамыған дәуірде көптеген еңбек түрлерінде жұмыс істейтін адамдарда кимыл тапшылығы - гиподинамия бар. Ол еңбек түрлері, отырып не болмаса басқа бір дене қалпында тұрып істейтін жұмыстар. Дене тәрбиесі мен спорт жаттығулары ол кимыл тапшылықтарыньщ орнын толтырып, денсаулықты нығайтады.
Еліміздегі ересек, үлкен жастағы адамдардын, дене тәрбиесінің міндеттері, жаттықтыру түрі, амалдары мен әдістері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Осы көрсетілген жас кезеңдерін алғанда паспорттық жасын ғана емес, биологиялық, козғалмалы жасын да ескерген дұрыс. Қозғалмалы жасы олардың дене куаты дайындығы мен денсаулық күйі деңгейіне байланысты. Дене қуаты дайындығын олардың әр түрлі дене қуаты касиеттерін бағалайтын сынақтар тапсыруы арқылы анықтаймыз. Денсаулық деңгейі дәрігерлік тексерулер және физиологиялық, спорттық жүктемелер беру арқылы бағаланады.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
• Жастық шақ, ересек кез I кезең:
1. Ағзаны жан-жақты дамыту, жоғарғы денсаулық деңгейіне жеткізу, ағзаның жұмыс қаблеттілігін, ақылдылық қабілеттілігін жоғарылату.
2. Қозғалыс ептілігі мен дағысын жетілдіру, жігер - күші қасиеттеріи дамыту.
3. Жеке өз бетімен жаттықтыруларға қажетті білім, біліктілік пен дағдыны калыптастыру.
4. Спорттық жаттықтырулармен белсенді айналысуға, жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуге қызығушылықтарын арттыру.
• Ересек кез І-ІІ кезең, орта жас.
1. Денсаулык деңгейін, сыртқы әсерге ағзаның тұракты бейімділігін сақгау, ағзаның ақылдылық және дене қуаты, жұмысқа қабілеттілік деңгейін сақтау.
2. Еңбек ету және тұрмыс жағдайы кезінде қажетті күш-жігері, дене куаты қасиеттерін, қимыл ептілігі мен дағдысын жоғары деңгейде тұрақтату.
3. Еңбек және еңбектен бос уақыттарда қолданылатын жаттықтырулар туралы білімдерді тереңдету.
• Үлкен жас, қарттық кезең.
1. Қозғалыс белсенділігін, ағзаның жақсы денсаулық деңгейін, шығармашылық жас ұзактығын шамаң келген деңгейде сақтау.
2. Күнделікті тұрмыс жағдайларына керек қимыл ептілігі мен дағдысы деңгейін төмендетпей тұракты ұстау.
3. Дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға жағымды әсері, олардың сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке өз беттерімен жаттықтырулар жасауға тұрақты қызығушылыктарын ояту.

Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі
Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжьімдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әр түрлі спорттык ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.
Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 360 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]