Екінші жаратылыстық - ғылыми төңкеріс - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Екінші жаратылыстық - ғылыми төңкеріс
06.03.2011, 16:01
Екінші жаратылыстық - ғылыми төңкеріс [3 бет]

XVI-XVII ғасырларда басталып, жаратылыстанудағы ұлы революциялардың нәтижесінде және одан кейінгі уақытта да даму үстінде болған жаратылыстану, қоғамтану жене техника ғылымдарының қалыптасуына негіз болған Жаңа заман ғылымы XVIII ғасырда аяқталды. Осы уақыт ішінде адамға, ғылымға, ғылыми ізденістер мен ғылыми мекемелерге, ғылым мен қоғам қарым-қатынасына, ғылым мен философия, ғылыми ілім мен діндік сенімге деген көзқарастар түбірінен өзгере бастады. Бұның бәрі де біржарым мың жылдар бойы ғылымда мызғымай келген Аристотель-Птоломей космологиясының жойылуына әкелген Коперникгің, Тихо Брагенің, Кеплердің, Галилейдің астрономиялық революциясынан (төңкерісінен) басталды.
Жоғарыда айтылғандай, Аристотель Жер қозғалыссыз әрі Дүниенің ортасында түр деп сендірді. Бүл, әрине, оның орнына басқа көзқарастар ұсынылмады дегенді біддірмейді.
Мысалы, Архимед (б.з.д. 310-230 ж. шамасында) сол кездің өзінде "Дүние құрылысының" гелиоцентрлік – барлық ғаламшарлар (планеталар), олардың ішінде Жер де, Күнді айналып жүретін жүйесін ұсынды. Бірақ мұндай ой өз заманынан тым алда болып, қабылданбады және бұған дүниенің аристотелше бейнесіне қайшылығы да әсер етті.
Птолемейдің жүйесінде Жер ортада тұр, оны Ай, Күн және ғаламшарлар орналасқан сегіз сфера қоршаған. Ақырғы сферадан кейін не бары түсіндірілмеген. Соныменен XIII ғасырдың аяғының өзінде ғалымдар арасында бұл жүйенің күрделілігі мен рабайсыздығына наразылық пайда болды. Бірте-бірте негізделген қарсылықтар да пайда бола бастады.
Француз философы Николай Орезмский (1320-1382) орасан зор жұлдыздық сфераның Жерді айналып тұрғанынан гөрі Жердің өзінің айналатындығын елестету оңайырақ деген идеяны ашты. Бірақ ол идеядан әрі бармады.
Птоломей жүйесі мен Аристотель механикасының барлық құрылысын құлатқан ғылыми төңкеріс Николай Коперниктің (1473-1543) еңбегінен басталды. Студент кездің өзінде Николай Коперник Жердің қозғалуының мүмкіндігі туралы идеялармен танысты. Ол аспан денелерінің көрінетін қозғалысын Жердің екі қозғалысымен түсіндіруге болады. Жердің өз кіндігімен айналып тұруымен және оның басқа ғаламшарлармен бірге дүниенің ортасында түрған Күнді айналып жүруімен – деген кәміл сенімге ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 478 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]