Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Этнопедагогика
20.02.2011, 11:39
Этнопедагогика [7 бет]
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың жері, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».
ӘЛ-Фараби

Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжрибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс тәсілдердің негізгі-адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Тәрбиенің негізі-ұлттық тәлім-тәрбие.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы-мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру. Өнегелі, тәрбие ісін дүниежүзілік ғылыми және рухани қазынаны ұлттық мұрамен ұщтастыру арқылы жүзеге асыру.
Дас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу. Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімдіеңбек етуге бейімдеу.
Ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынастың өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу.
Тәрбие барысында психологиялық жағынан жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне деген сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту. Тәрбие жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану. Ұлттық мектептің тәрбиесіне қойылатын өте маңызды және күрделі талаптардың бірі-Егеменді Елдің Азаматын тәрбиелеу. Егеменді Ел болғандықтан оның төл Елтаңбасы, Әнұраны, Туы бар. Егеменді Елдің Азаматы болғандықтан, өз Елінің Байрағына, Әнұранына, Елтаңбасына да ерекше сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі қалыптасуы керек. Бұл тұрғыда біз әлі де болса баяу жұмыс істеп келеміз. Қазақ елінің Азаматы, Қазақстан Азаматы деген атаққа лайық болатын Адам тәрбиелеу-біздің басты міндетіміз. Бұл бағытта атқаратын жұмыс өте көп. Ерекше атап кететін мәселелер оқушылардың:
-тарихи сананың негізінде ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру;
-ұлттық мәдениетке көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі тұрған қалада, отырған үйде оның ішіндегі дүние-мүліктер, ыдыс-аяқтар мен тұтынатын заттарда, киген киімдерде, тіпті ішетін тамақтар да ұлттық белгі жоқтың қасы. Осы бағытта ұлттық мектептің берері мол.
- Дінге дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Бұл жерде дінмен мектептің арақатынасын дұрыс бағытқа қою қажет. Дінді бір жақты тек дінді уағыздау мүлдем жарамайтын жағдай. Есте сақтайтын жайт: негізгі заңның 58 бабында былай делінген: «Діне бірлестіктер мемлекеттен бөлінген мемлекет қандай да болсын дінге немесе атенизмге артықшылық бере алмайды». Дегенмен де ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 3314 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/21
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]