Электрлік жетек - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Электрлік жетек
06.03.2011, 16:10
Электрлік жетек [12 бет]
Электрлік жетек түсінігі. Негізгі ұғымдар

Белгілі-бір жұмыс атқаратын қондырғы негізінде үш бөліктен тұрады: қозғалтқыштан, беріліс механизмінен және жұмысшы машинадан. Қозғалтқыш пен беріліс механизмі қуат пен қозғалысты қозғалтқыштан жұмысшы машинаға беруге арналған. Осы екеуі жетек болып бірігеді. Қазіргі кезде қозғалтқыштың негізгі түрі электрлік қозғалтқыш болғандықтан, қозғалтқыш пен беріліс механизмін электрлік жетек деп атау қабылданған. Технологиялық процестер және олардың атқарушысы болып табылатын жұмыс машиналары автоматтық басқарылатын және әртүрлі өзгерістерге бейімді болуы керек. Сондықтан электр энергиясының да және механикалық энергияның да параметрлері жұмысшы машинаның жұмыс әлпіне сәйкесті реттелініп отырады. Қозғалтқышқа берілетін электр энергиясының праметрлерін өзгерту үшік әртүрлі түрлендіргіштер қолданылады. Олар кернеуді, жиілікті, фазаны немесе токтың тегін түрлендіруге немесе реттеуге арналған құрылғылар болуы мүмкін. Ал қозғалтқыштан алынатын механикалық энергияның параметрлерін өзгерту және оны жұмысшы машинаның параметрлерімен сәйкестеу үшін әртүрлі муфталар, редукторлар, пневматикалық және т.б. беріліс механизмдері қолданылады. Электр энергиясын түрлендіргіш пен қозғалтқыштың һәм беріліс механизмінің жұмысын басқарып жене бақылап отыру үшін басқару құрылғысы болуы керек. Ендеше электрлік жетек ЭЖ (1-сурет) электр энергиясын түрлендіргіштен ЭЭТ, электрлік қозғалтқыштан М, беріліс механизмінен БМ және басқару құрылғысынан БҚ турады. Электрлік жетекке электр энергиясы көзі G мен жұмысшы машина ЖМ кірмейді.
Сонымен, электрлік жетек деп электр энергиясын механикалық энергияда түрлендіретін және түрлендіру жүйесін электрлік басқаруға арналған электромеханикалық құрылғылар мен қондырғылардың жиынтығын айтады.
Қозғалтқыштардың саны мен жұмысшы машинаның атқарушы ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 899 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]