Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми - педагогикалық негіздері
20.02.2011, 10:52
Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми - педагогикалық негіздері [14 бет]
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімді өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:
- жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
- білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
- білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;
- білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
- білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;
- білімнің зиялылық сипаты;
- оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
- білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
- білім жүйесін ақпараттандыру.
Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту [1.3 ].
Яғни, Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамтиды және оқыту мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы бойға дарыту мәселелері қарастырылған.
Осы орайда жаңа ғасырдағы оқыту технологиясының өркендеу, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы т.б. мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанымызға алып отырған жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығының озық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделді.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейдегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қабілетінің негізгі шарты болып табылады. Маман өзінің мамандық сипаттамасымен қажеттілік құндылық ретінде өзінің кәсіпшіл қызметін ұсынушы нарықтық қарым-қатынастар оъектісінің ролін атқарады.
Осымен байланысты кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен танымдық қызығушылығының қалыптасуына мен қатар ақпараттық мәдениеті қалыптастыру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орны мен оның түлектерінің негізгі табысы болып табылады.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. [2.18].
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының ...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 652 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]