БИЛІК - ҚОҒАМДЫҚ ФЕНОМЕН - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

БИЛІК - ҚОҒАМДЫҚ ФЕНОМЕН
03.03.2011, 12:08
БИЛІК - ҚОҒАМДЫҚ ФЕНОМЕН [22 бет]

1. Билік — қоғамдық құбылыс. Саяси биліктің мәні.
2. Биліктің өзекті тұжырымдамаларының негізгі ережелері.
3.Билікті бөлу принципінің қолданылуы (елдердің тәжірибесі бойынша).
1. Билік — қоғамдық құбылыс. Саяси биліктің мәні
Бүкіл саяси қызметтің мақсаты адамдардың өз мүдделерін қорғау үшін билікті иемденуі және пайдалануы болып табылады. Кез-келген қоғамның өмір сүруі үшін оны белгілі бір теңдікте ұстап тұру қажет емес. Бұған билік арқылы қол жеткізілсді. Экономикада ақша қандай орын иеленсе, билік те саясатта сондай орынға ие (Т. Парсонс). «Билік» ұғымыпыц мәнін түсінуде, біздің ойымызша, тағы бір батыс оқымыстысының аныққтамасы қызықты. Ол билік махаббат секілді — күнделікті әңгімеде жиі қолданылатын, түйсікпен ұғынылатын және анықталуы қиын сөз» деп тұжырымдайды. Биліктің қоғамда, қоғамның саяси өмірінде алатыи аса маңызды ролі кратология секілді ғылымның пайда болуына жағдай жасады.
«Билік» ұғымы әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әртүрлі мағынада қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның объективті заңдарымен, социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер — шаруашылық билік туралы, заңгерлер — мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар -саяси билік туралы, табиғат зерттеушілері — табиғатқа билік ету туралы, пенхологтар — адамның-өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар — отбасы билігі туралы, діндарлар — Құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды.
Билік адамзат қоғамының тууымен бірге пайда болған және оның дамуына ықпал жасайды. Таптар мен мемлекеттер пайда болғанға дейін билік қоғамдық сипат иеленді: қоғамнан жоғары тұратын аппарат, ерекше мәжбүрлеу мекемелері болған жоқ. Алғашқы қауымдық қоғамда билікті ақсақал сайлау арқылы бүкіл ру жүзеге асырды

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 636 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]