Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Бауырдың жайылмалы аурулары
21.02.2011, 03:25
Бауырдың жайылмалы аурулары [11 бет]
• Созылмалы гепатит дегеніміз не?

Созылмалы гепатит- бауырдың 6 айдан артық созылатын полиэтиологиялық диффузды қабыну ауруы.

• Созылмалы гепатиттің қандай түрлері бар?

Осы кездегі белгілі спецификалық гепатотропты А, В, С, Д, Е, Ғ,G вирустардың, ең кемінде төртеуі- В, С, Д, G вирустарымен дамыған жедел гепатиттің созылмалыға ауысатыны дәлелденген.

• Созылмалы гепатитті дамытатын вирустар қандай жолдармен жұғады?

1. парентеральдік, әсіресе қанның немесе қан компаненттерінің трансфузиясы арқылы, 85-95% посттранфузиялық гепатиттің негізгі себебі-НСV;
2. жыныс қатынасы;
3. плацента арқылы (анадан ұрыққа).

Соңғы кезде кең тараған наркомания, гомосексуализм, созылмалы гемодиализ және қан құюды қажет ететін аурулар (гемофилия) вирустарды жұқтыруды көбейтті.

• Гепатиттерге қысқаша сипаттама бер.

Жедел В гепатиттің 5-10/ созылмалыға ауысады, өлім саны 5/. Жедел фазасында бұл гепатит антивирустық емге берілмейді. ДДҰ мәліметтері бойынша, жер бетінде НВV тасмалдаушыларының саны -300 000 000-ға жуық.
Жедел С гепатиттің 80% созылмалыға ауысады, одан болатын өлімнің саны 15%, ал тасмалдаушылардың саны- 500 000 000 шамасында.
Д (дельта вирус) –НДV,НДV – мен жұптасатын суперинфекция, яғни коинфекция ретінде жүретін вирус. НВV – ға дельта вирус жұптасқанда жедел гепатиттің өлім саны 20% жоғарылайды,ал 80% созыдмалыға ауысады, сауыққандар саны 3-5% құрайды.
НЕV – Оңтүстікте, орта азияда кең тараған вирус, НАV тәрізді нәжіс немесе сілекей арқылы жұғады, бірақ А гепатитке қарағанда Е гепатиттің барысы ауыр, өлім саны 30% шамасында, созылмалыға ауыспайды.
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 668 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]