Батыр сөзінің шығу тарихы - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Батыр сөзінің шығу тарихы
03.03.2011, 12:25
Батыр сөзінің шығу тарихы [6 бет]

Батырлар жырында, ақын-жыраулардың толғауларында, тарихи романдарда, әртүрлі лұғаттарда батыр термині жиі кездеседі.
Әскери өнерді жақсы меңгерген, ақылдылығымен, асқан қайратымен, жау түсірер жеке басының ерлігімен аты шыққан, қол бастайтын азамат батыр деп аталған. Батыр атағы мирасқорлық жолын қумаған, әрбір адам оған жеке басының ерлігімен ие болған. “Батырлар атағының кең таралуы,-дейді М.П.Вяткин – қазақ қоғамының өзгешелік сипатының бір түрі. Бұл жағдай біз қарастырып отырған заманда өзбектерде де, қарақалпақтарда да, қырғыздарда да болмаған”.
Батыр – жалпы түркі тілдеріне ортақ көне сөздердің бірі. Көне түркі жазуларында батур, баһадур сөздері жалқы есім және әскери атақ мағыналарында қолданылған. Батыр термині көпшілік тілдерде бар: қарақалпақ, татар тілдерінде батыр, өзбек тілінде ботир, ұйғыр тілінде батур осман түріктері тілдерінде ватур , қырғыз тілінде баатыр, алтай тілінде матыр, патыр, шор тілінде бағатыр, румын тілінде бахадирка, украин, поляк, орыс тілдерінде богатырь, венгер тілінде ватор, вогул, манси тілдерінде мадур, осетин тілінде ватраз, үнді тілінде вахадур, француз тілінде бахадоир формасында ұшырайды.
Қазақтың қаһармандық эпостарында ұшырайтын батырлар: қара батыр, қара берен батыр, жеке батыр, қамал бұзған батыр болып бөлінеді.
Үрім-бұтағынан бері қарай батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамайтын батыр қара батыр немесе қара берен батыр деп аталған.
Жеке батыр – қауіп-қатерді елеместен, ұрысқа жолдассыз, жалғыз өзі аттанатын батыр. Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар – жауына жалғыз аттанған ұлы батырлар.
Қамал бұзған батыр – талай рет жаугершілікке қатынасып, жауын жеңіп, бірнеше рет қамал алған, атақты, танымал батыр.
Жоңғар басқыншыларына қарсы қол бастап, жауына соққы берген Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар-батырбасы атанған. Ертеде қазақтарда не көп батырлар көп болған. Тарихи мәліметтерге жүгінсек, қазақтарда әр тайпаның, әр рудың өзінің батырлары болған. Жорық-жортуыл, жаугершілік тәрізді ел, халық тағдыры шешілетін сын сағаттарда, ауыр кезеңдерде, ер сасқан, әйел етегін басқан, ата баладан, ана қызынан айрылған, “Ақтабан шұбырынды” аталған аласапыран заманда, қан кешті ұрыс, жан кешті майдандарда өзінің айлакерлігімен, ерлігімен көзге түскен, жауына қарсы аттанған азаматтардың басын біріктірген, халық ұландарын бастағандарды, ел батырбасы деп атаған.
Ғалымдар арасында батыр сөзінің шығу тегі, қайсы тілге жататыны жайлы әртүрлі болжамдар, қарама-қарсы пікірлер бар. Ғалым-тілшілердің бір тобы бұл сөздің баатур түрінде “Алтын жарықта”, ал баһадур формасында монғолдың жазба тілінде кездесуін атай келіп, мұның екеуі де монғол тілінің сөзі деп топшылайды. В.Банг қырғыз, сағай тілдерінде ұшырайтын баатыр/матыр формаларын баһадур сөзінің қысқарған түрі, яғни дыбыстық өзгерістерге ұшыраған варианты деп табады. К.Менгес көне түркі тіліндегі батур сөзін баһадур сөзінің қысқарған түрі деп, В.Бангтың пікірін қуаттайды. М.Рясенен де түркі тіліндегі батур сөзін баһадурден шығарады. Т.Рамстедт парсы, орыс тілдерінде кездесетін баһадур және батырь, түркі тілдеріндегі батыр сөздерінің түбірі: “герой, ержүрек” мағыналарын білдіретін баһа сөзі болу керек деп топшылайды Л.З.Будагов алтай тіліндегі пәттір/мәттір сөзін монғол тіліндегі ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 562 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]