Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Бала бойында азаматтылық пен патриотизмге қалыптастыруда мектеп пен отбасы қарым - қатынасы
20.02.2011, 10:50
Бала бойында азаматтылық пен патриотизмге қалыптастыруда мектеп пен отбасы қарым - қатынасы [4 бет]
Әдептілік, имандылық, иейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады.
Бұл мақсатқа нағыз Мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген Мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұгаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.
Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде ...
Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 423 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]