Бүгінгі терминологияның даму сипаты - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Бүгінгі терминологияның даму сипаты
03.03.2011, 12:26
Бүгінгі терминологияның даму сипаты [5 бет]

Термин сөздер –ғылым саласына сәйкес біршама жүйеленген сөздер тобы. Қоғамдық қатынастағы ғылым мен білімнің , техниканың заман талабына сәйкес дамып, өркендеп отыруына орай және терминалогиядағы бейнелік пен реңктік құбылыстың ұлттық сипатқа ие болуы әр халықтың төл тарихымен, мәдениетімен, салт- дәстүрімен, ырым – жоралғысымен тікелей байланысты.Терминнің мағанасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. Сондықтан терминдер жалпылама ортақ сөзден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына жатқызылады.Қазақ тіліндегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жолмен жасалған:
1.Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған терминдер. Мысалы: өркениет, ғарыш, сынақ, мүшелтой, таспа, қондырғы, елтаңба, т.б
2.Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқ ғылым, техника, т.б салалардағы интернационалдық арнаулы терминдер. Мысалы:математика, спорт, лингвистика, медицина, биология, экономика, т.б
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминнің жиынтығы –терминология деп аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан – жақты қарастырылып, қауырт жиналып, терілуде. Терминнің отыздан аса сөздіктері басылып, жарық көрді.
Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминологиялық сөздік деп атаймыз. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке-жеке кітап болып та шыға береді. Сөздіктерге лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт –физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника, топырақ тану,темір жол, биология, химия, археология, механика, машина, мал дәрігерлік, әлеуметтік-экономиялық, анатомиялық, өсімдіктер физиологиясы, биохимиясы, қоғамдық-саяси терминдер, т.б енгізіледі.

Қазақ терминологиясындағы алдын –ала негізге алуға тиісті бағдарлар анықтап көрсетуді және терминологиялық сөздіктерді түзуде пайдалануды талап етеді. Терминологиялық сөздікке автор тарапынан енгізілген өзгерістер мен жаңалықтар олардың терминдерді берудегі тиімділігі мен сөздік құрылымына қажеттілігіне көз жеткізбей тұрып енгізілмеуі керек. Кез-келген мейлі лексикографиядағы, мейлі терминографиядағы болсын сөздік түрі және ондағы терминдердің түсіндірмесі, аудармасы ешқандай күдіксіз, еркін пайдаланатындай болып шығарылуы керек. Қазіргі қазақ терминографиясындағы әр саланың терминологиялық сөздіктерінің әр автор тарапынан түзілген бірнеше нұсқаларының болуы орынсыз. Және «сөздіктің баламасы» деген ұғым да болмауы керек. Терминологиялық сөздікке алынатын терминдердің қалыптасқан терминдер, не жаңа терминдер екендігі жоспарлап алуды немесе сөздікті түзу барысында ескеруді қажет етеді. Терминологиялық сөздіктерді шығаруда негізге алатын ең қиын мәселелердің бірі - терминдерді сұрыптау, оларды сұрыптау принцптерін белгілеп алу. Терминологиялық сөздікті түзушілер үшін терминдер мен термин емес сөздердің арасын, салалық терминдер мен сала аралық терминдердің арасын ажыратып беру қазіргі қазақ терминографиясында қиынға айналып отыр.
Осы заманғы медицина ғылымының дамуына байланысты туындаған жаңа ғылыми ұғымдар мен концепциялар медицина лексикасының үнемі жаңа терминдермен толығып отыруына себепкер болып отыр. Ұлттық тілдің бір тармағы болатын ғылым мен техника тілінде бір ұғымның термин жүйеде түрлі тәсілдермен берілу құбылысы байқалады. Әрбір термин бір мағынаны білдіріп, бір ұғым бір атаумен берілуге тиіс, бірақ өмірде үнемі бұлай бола бермейтіні байқалады. Термин сөз бір ұғымды білдіру үшін қолданылатындықтан, бір ұғымның бірнеше атауының болуы дұрыс емес, алайда терминологияда осы құбылыс орын алып отыр. Мәселен қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің көпшілігі ұлттық тілдің негізінде ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 843 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]